Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Жебірейіл жеткізген бұйрық



Pdf көрінісі
бет209/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Жебірейіл жеткізген бұйрық 
Мұсылмандардың Мәдинаға кіргені сол еді, пайғамбарға Жебірейіл: 
"Уа, Расулаллаһ! Ұлы Аллаһ саған құрайзаларға шабуылдауды 
бұйырды", - деген хабар әкеледі. 
Расулаллаһ қаруын шығарып, жуынып шайынған беті Хазіреті Біләлді 
шақырып: 
"Есіткендер және Аллаһтың әміріне мойынсұнатындар намаздыгерді 
құрайза яһудилердің мекенінде қылсын!" деп жар салуды бұйырады. 
Мұсылмандар қас-қағым сәтте жиналады. Ұзын ырғасы 3000-ға жуық Ислам 
қолының қатарында 36 атты әскер болады. Байрақты Хазіреті Әлиге ұстатқан 
пайғамбар, оны әскерден бұрын жолға салады. Мәдинада имам өкілі ретінде 
Абдуллаһ ибн Үммү Мәктүм қалады. Сөйтіп мужаһидтер долы дұшпанмен 
соғыстың маңызды мезетінде опасыздық жасап, жау жағына жақтасып кеткен 
құрайза яһудилерін жазалау үшін жорыққа аттанады. 


310
Әскерден бұрын туын асқақтата желбіретіп жолға шыққан Хазіреті Әли 
құрайзалар қамалына жақын келіп байрақты тігеді. Мұны көрген яһудилер 
ауыздарына келгенді айтып сықпырта жөнеледі. Пайғамбарымызды боқтап-
боралайды. Хәндақтағы сатқындықтары оларға зәредей ой салмағаны белгілі 
болады. Хазіреті Әли байрақты сахабалардың біреуіне табыстап Аллаһ 
Расулының (с.а.у.) алдынан шығады: 
"Уа, Расулаллаһ! Сен қамалға жақындамай-ақ қойсаң қайтеді? Мына 
жексұрын опасыздардың сөздерін естімей-ақ қой", - деді. 
Расулаллаһ (с.а.у.): 
"Сен олардан мені ренжітерлік сөз естігенсің, сірә. Мұса пайғамбар 
мұнан да ауырына душар болған. Сен бара бер. Олар (Аллаһ дұшпандары) 
мені көргенде жаман сөз айта алмайды", - деді. 
Құрайзалар 
қандарындағы 
қастандықтан 
бас 
тарта 
алмай, 
Пайғамбарымыз бен Ислам әскерлерін күле қарсы алудың орнына былапыт 
сөзбен бас салып, қиқарлық көрсетті. Жақсылық түсінбейтіндерге қарсы күш 
қолдану ғана қалды. Пайғамбарымыздың әмірімен мужаһидтер құрайза 
қамалына оқ жаудырды. Яһудилер де қарап қалған жоқ, атысқа кірісті. 
Дегенмен олар мұсылмандар қоршауында қалды. 
Сырт көзге мұсылмандарға дос көрініп, шындығында Ислам 
дұшпандарымен бармақ басты, көз қысты болып жүретін мунафиқтар бұл 
жолы да әдеттерінен жаңылмады. Құрайзаларға құпия хабар жолдап 
мұсылмандарға берілмеуді, Мәдинадан қуса да кетпеуді, атысты жалғастыра 
беруді 
нығарлай 
айтып, 
көмекке 
келетіндіктерін 
қару-жарақ 
жеткізетіндіктерін білдіріп, сендірді. Құрайза яһудилері бұған қатты қуанып, 
батылданып, шайқасты тоқтатпады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет