Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Аллаһ (Хәндақ соғысындағы) кәпірлерді жеңіліске ұшыратып



Pdf көрінісі
бет208/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Аллаһ (Хәндақ соғысындағы) кәпірлерді жеңіліске ұшыратып, 
өкпемен 
қайтарды. 
Сөйтіп 
Аллаһ 
муминдерді 
соғыстың 
ауыртпалығынан құтқарды. Аллаһ - құдіретті әрі әрдайым жеңуші 
ғазиз" (Ахзаб,25) 
 


309
Мұсылмандар жеңіс тұғырында 
Бір айға созылған ауыр шайқас Аллаһтың жәрдемімен аяқталды. 
Мүшріктер аһ ұрып, мұсылмандар шаттыққа бөленді. Кәпірлердің осы 
жеңілісі мұнан кейінгі үлкен жеңістердің бастауы болады. Мұнан былай 
мұсылмандарға қарсыласуға олардың шамасы жетпейді. Өйткені Бәдір, Ухуд 
және Хәндақтағы тәжірибе муминдерді аяқ-асты етудің оңай шаруа еместігін 
айғақтады. 
Оқыстан ойсырай жеңілген жау әскері қайғы мен үмітсіздікке берілсе, 
мұсылмандар мерекедегідей шаттанады. Иман ерлерінің көңілдері көтеріліп, 
жүдеп-жадатқан жоқшылықты да ұмытып толассыз шүкіршілік қылды. 
Расулаллаһтың: 
"Мұнан кейін біз оларға шабуылдаймыз, олар бізге қарсы келе 
алмайды", - деген сөздері мүминдерді масайрата түсті. Пайғамбарымыз 
бастаған мужаһидтер мәз-мейрам Хәндақтан Мәдинаға келді... 
Хәндақ шайқасында жеті мұсылман шейіт болса, кәпірлер саны 4-ке 
азайған... Шейіт болғандардың бәрі әнсарлар еді. 
ҚҰРАЙЗА ЖОРЫҒЫ 
Яһуди құрайзалар Пайғамбарымызбен арадағы келісім бойынша 
Хәндак шайқасында мұсылмандармен бірге Мәдинаны қорғауға тиіс еді. 
Бірақ олар келісім-шартты аяққа таптап, шайқастың қызған сәтінде 
мүшріктермен ауыз жаласып, тайқып шықты. Келеңсіз қылықтарын тыюы 
үшін хабар айта барған мұсылмандарға "Расулаллаһ кім бопты соншама?! 
Мұхаммедпен келісіміміз болған емес, болмайды да" деп пайғамбар жайлы 
былапыт сөздер айтты. Онысымен қоймай, Мәдинаға басып кіріп 
мұсылмандардың әйел, бала-шағасына қырғидай тиіп, қауіп төндірді. 
Пайғамбардың қайырымдылығын аяқ асты еткен құрайзалар дұшпан 
шегінгенде барып, есін жиғанмен бәрі кеш еді. Мүшріктердің қирай 
жеңілгеніне көздері жеткен олар Мәдинаға екі сағаттық қашықтықтағы 
қамал-қалаларына бекініп үлгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет