Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Ә) Медайиндегі Кисра сарайында тірек-бағандар құлап жермен-



Pdf көрінісі
бет28/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Ә) Медайиндегі Кисра сарайында тірек-бағандар құлап жермен-
жексен болды. 
Пайғамбар жарық дүниеге көзін ашқан сәтте терең ұйқы құшағында 
жатқан Иранның Медайин қаласының тұрғындары құлақ тұндырарлық 
тарсыл-гүрсілден оянды. Қала билеушісі-Кисра да, қала халқы да көшеге 


41
босып кетті. Кисраның зәулім сарайының сәулетіне сән қосқан он төрт тірек-
бағаны өзінен өзі қирап қалған-ды. 
Таңды көзбен атырған Кисра ертемен мемлекетіндегі діни басшыларды 
шақырып, жиналыс ашты. Мәселе - кенеттен бастарына келген апаттың мәнін 
ашу. 
Кисра әдеттегідей тәжін киіп, тағына жайғасуы мұң екен, салт атты 
біреу шауып келген күйі оның қолына хат ұстатты. Әкелген хабары суыт
отқа табынушылардың мыңдаған жылдардан бері жанып тұрған алауы 
сөнгендігі жазылыпты. 
Бұл мәлімет Кисраның қаупін күшейте түсті. Осылайша аңтарылып 
тұрғанда мәжіліске келген Иранның бас қазысы Мубазан бірнеше күн бұрын 
көрген түсін айтып сарнай жөнелді: 
"Түсімде аузынан ақ көбігі атылған жүз шақты түйенің Дижла өзенінен 
өткенін, оларды бастаған ауыздығымен алысқан араб аттарының да судан 
емін-еркін өтіп Иран жеріне жайылғанын көрдім." 
Кисра әрдайым дұрыс сөйлейтін, әділдігімен аты шыққан Мубазанның 
бұл түсін де жақсылыққа жори алмады. Қалш-қалш етіп Мубазанға қарап: 
"Сенің ойыңша бұл ненің белгісі?" - деді. 
Бас қазы қысқа қайырды: 
"Арабтар тарапынан маңызды өзгерістер болатынға ұқсайды". 
Кисра апыл-ғұпыл Хира әкімі Нуғман ибн Мунзирге былай деп хат 
жазды: 
"Ғалымдарыңның ішіндегі ең білгірін маған тез жолда". 
Хатты ала салысымен Нуғман мәселенің маңыздылығын ұқты да Абдул 
Мәсих ибн Амр есімді данышпанын Медайинге жіберді. 
Кисра көріпкелді ерекше ілтипатпен қабылдап, болған оқиғаларды рет-
ретімен баяндап берді. Жылдам болжам жасауын өтінді. Абдул Мәсих нақты 
жауап бере алмайтынын айтып: 
"Шамға жақын маңда - Жәбиа деген жерде тұратын нағашы ағам 
Сатыхтың көрегендігіне көп куә болдым. Содан ақыл сұрасақ қайтеді?" - деп 
ойын білдіреді. 
Медайин билеушісі Абдул Мәсихті Сатыхқа жұмсайды. Шамның 
мәшһүр көріпкелі Сатых әбден қартайған, денесі тек еттен жаралғандай екі 
бүктетілген, бет-аузы жымырайған, ұсқынсыз кейіпті сәуегей еді. Үнемі 
шалқасынан жататын да қоятын. Бір жерге апару қажет болса, құдды бір 
затты бүктегендей белінен екі бүктеген күйі көтеріп апаратын. Ғайыптан 
берген хабарлары көбінесе дұрыс шығып, адамдарды аузына қаратқан 
көріпкел еді. 
Абдул Мәсих тау-тас асып, нағашысына келіп жетеді. Сатых ауыр 
науқастанып, жолаушының сәлемін алуға да жарамай жатқан. Қинала 
ыңқылдап жатқан ол Абдул Мәсих болған жайды баяндай бастағанда өзгеріп 
сала берді. Өлім аузында жатқан Сатых көздерін бақырайта ашып, ажалмен 
арпалысын ұмытқандай бар даусымен айқайға басты: 
"Уа, Абдул Мәсих! Мұнан былай Аллаһтың уахиы
(Аллаһ тарапынан Пайғамбарға берілетін 
аян)
көбейеді. Сәмауаны су басып, парсылардың оты сөнді. Уақыт пен 


42
кеңістікке билігін жүргізетін нағыз Тәңірдің қалауымен соңғы пайғамбар
келді дүниеге, сонымен пайғамбарлықтың ақырғы нүктесі қойылды." 
Терең тыныстап сөзін ары қарай жалғады: "Сасанилер арасынан 
құлаған қорғанның санына тең билеуші шығады. Содан соң билік те 
ыдырайды, ақиқат үкімдер шығарыла бастайды. Әрине, оның шығарушысы 
да ақиқатты көрсетушілер болады". 
Осылай деді де, Сатых мәңгілікке көзін жұмды. Атақты көріпкел 
ақырзаман пайғамбарының келгенінен хабардар етті. 
Тарих Сатыхтың жорамалдарының дұрыстығына куә болды. Иран 
мемлекеті 67 жылға созылған он төрт билеушінің басшылығынан соң соңғы 
пайғамбардың дінін қабылдап, мұсылман атанады. Сөйтіп, маздеизмнің 
қараңғылығын сейілтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет