Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Б) Қағба маңындағы пұттар құлады



Pdf көрінісі
бет29/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Б) Қағба маңындағы пұттар құлады 
Құрайыштықтар арасында да Аллаһқа ортақ қосушы мүшріктер аз емес 
еді. Олар Аллаһтың үйі-Қағбаның маңын қолдан жасалған пұттармен 
толтырып, соларға табынып әлек болып жататын. Тәухидтің таратушысы 
Мұхаммед (с.а.у.) туылған сәтте осынау ұлы оқиғаның күшіне төтеп бере 
алмай қорғасыннан құйылған пұттардың көбі құлап, қирайды. Өмірге енді 
ғана келген тұғырлы тұлға Мұхаммед (с.а.у.) келешекте тәухидке, яғни 
Аллаһтың 
бірлігіне 
шақырып, 
көптәңірліктен, 
қараңғылықтан 
құтқаратынының дәлелі еді бұл. Алайда Аллаһтың айтуымен болған 
ғибратты оқиғаның астарына үңіле алмағандар жетерлік еді. 
Бүкіл әлем иман байрағын жоғары ұстаған, көңілдерге нұр қондырған 
ардақты Аллаһ Елшісінің адал жолының куәсі болды. Ол Қағбаны жансыз 
пұттардан тазартып қана қоймай, көңілдердегі пұттарды да жыға білді. 
В) Мыңдаған жылдардан бері алаулап жанған мәжусилердің-отқа 
табынушылардың оты сөнді. 
Мәжусилер қашаннан отқа табынатын, от - олардың қасиетті Тәңірі 
саналатын. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар дүниеге келген сәтте мәңгі өшпес 
деп есептеліп келген алау бір мезетте сөнді. Демек, дүниеге көзін ашқан ұлы 
тұлға пұтқа табынушылық сияқты отқа табынуды да жойып, жер жүзін 
тәухид сенімімен шұғылаландырмақ. 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ СҮТАНАСЫНА ТАБЫСТАЛУЫ 
Сұлтанымен қауышқан әлем шат-шадыман. Пенде атаулының 
көңілдеріне нұр себетін тұлғаның өз панасында болғаны үшін Арабстанның 
қуанышы да шексіз. Жалғанда жалғыз рет болатын ғажайып оқиғаның куәсі 
болған Мекке мерекелік көңіл-күйде. 
Хазіреті Әминаның да көңілі жайланған. Торсық шеке ұлына қарап жан 
жарының қайғысын бір сәтке болса да ұмытқан, болашаққа деген үміті арта 
түскен, бақыттан басы айналған. Алайда Әмина ана дара туған сәбиін бір 
аптадай ғана емізді. Арабтардың ежелден қалыптасқан әдеті бойынша 
нәресте сүтанаға табысталуы керек. Мұхаммедтің (с.а.у.) жақын туысы Әбу 
Ләһабтың күңі Суәйба осындай игі құрметке ие болды. 


43
Суәйба ханым бұрын Хазіреті Хамзаны да емізген. Пайғамбарымыздың 
Хамзамен емшектес бауыр атануына себеп болған құрметті ана. 
Өзіне зәредей болса да жақсылық жасағанды ешқашан ұмытпайтын, 
қайтарымсыз қалдырмайтын, парыз бен қарызды тереңнен пайымдай білетін 
пайғамбарымыз бірнеше апта бауырына салған сүтанасы Суәйбаны өмір 
бойында назарынан тыс қалдырған емес. Жиі-жиі барып, жағдайын сұрап
көрген жерде ілтипат көрсетіп, сый-сияпат жасаған. 
Иә, әлемнің мақтаны болған пайғамбарымыз қалыптастырған үлгілі 
мінез-құлықтың негізі - көргенділік еді. Опасыздық, сатқындық атаулының 
ауылы оның пәк өмірінен алыс болатын. Пайғамбар мінез-құлқын үнемі үлгі 
еткен оның зайыбы Хадиша да Суәйбаны сатып алып, күңдіктен құтқарғысы 
келсе де Әбу Ләһаб келіспей-ақ қойған. Арадан көп жыл өткенде, 
Мұхаммедтің (с.а.у.) Мәдинаға хижретінен соң ғана Әбу Ләһаб Суәйбаны өзі 
азат еткен. 
Әбу Ләһаб - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) әкесінің туған 
бауыры. Өмір бойы пұтқа табынумен өткен ол, қартайған шағында да інісі 
Мұхаммедтің (с.а.у.) дініне мойынсұнбаған. Тіпті ең мықты дұшпанына 
айналған. Сондықтан да, Аллаһтың лағынетіне душар болып, күңі 
Суәйбаның тырнағына татырлық сауап жинай алмаған. Әбу Ләһаб қайтыс 
болғаннан кейін оны біреу түсінде көреді. Жәһаннамның отына күйіп, жан 
даусымен ышқынған одан: 
"Не болды? Қалың қалай?" - деп сұрайды. Сонда Әбу Ләһаб: 
"Мұндағы өмірімді ешкімнің басына бермесін. Аптапқа күйіп, 
таңдайым кеуіп өліп барам. Суәйбаны күңдіктен азат еткенім үшін, ол да 
Мұхаммедтің (с.а.у.) сүтанасы болғандықтан ғана аңқамды кептірген шөлден 
аздап құтылғандай болдым", - депті. 
Оқиға расында да ғибрат аларлық. Ғұмыр бойы Хазіреті Мұхаммедке 
жамандық ойлап, тосқауыл қоюмен болған Әбу Ләһаб сынды азулы ислам 
дұшпаны пайғамбардың сүтанасын азат еткені үшін Аллаһтың рақымына 
бөленген, тозақтағы азабы жеңілдеген. Демек, Аллаһ Тағала сүйікті құлының 
өзіне тікелей емес, оған қызмет еткендерге жасалған жақсылықтың да 
қайтарымын береді деген сөз. Олай болса, жалған дүниеде болмыстың 
сұлтаны - Мұхаммедті (с.а.у.) жолбастаушы деп біліп, оның сүннеттерін 
орындауға ұмтылған мұсылмандарды қандай сый-сияпат күтіп тұрғанын 
айтуға тіл жетпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет