70
Хадишамен үйленгеннен соң әйелінің байлығын сауда айналымына
салып, тірлік жасап тарығудан құтылды. Бірақ сонша дәулеттің иесі бола
тұрып, ол ешқашан ысырап жасамаған, бекер мал шашу оған тіпті жат.
Жаратылысындағы қарапайымдылығынан танбаған. Өйткені ол үшін
дүниенің байлығы түк те емес, көңіл байлығы, рухтың толыққандылығы
маңызды...
Хазіреті Хадишадан алты бала туады: Қасым, Зейнеп, Руқия,
Үммүгүлсім, Фатима, Абдуллаһ.
Шаттыққа толы шаңырақта Хазіреті Мұхаммед пен Хадиша ең сәтті,
тәтті күндерін өткізіп жатты. Құрмет пен махаббатқа негізделген отбасылық
өмірлеріне көңіл сүйсініп, көз тамсанатын... Пайғамбардың отбасы күллі
адамзат баласына үлгі боларлық сыйластық пен сүйіспеншіліктің ошағы еді.
Хадиша анамыз жұбайынан он бес жас үлкендігіне қарамастан,
отағасын әрдайым ерекше құрметтеп, отбасының пірі санаған. Мұхаммед те
(с.а.у.) отбасының тірегі, балаларының анасы болған аяулы жанды айрықша
сыйлап, қолдап-қорғаған. Хазіреті Хадишаның өлімінен кейін де өзі о
дүниелік болғанға дейін оған деген сүйіспеншілігі әсте суыған емес.
Сүйікті Пайғамбарымыз Хазіреті Хадишаның жомарттығын, көркем
мінез-құлығын, өзіне жасаған жақсылығы үшін мәңгілік қарыздар екендігін
ұдайы еске алатын. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) кейінгі әйелдерінің бірі -
Хазіреті
Айша анамыздың
"Мұхаммедті (с.а.у.) Хадишадан басқа
ханымдарынан қызғанған емеспін" деуі - соның куәсі. Бұлай болуы заңды да!
Әрине, Расулаллаһтың көңіл төрінде әрбір әйелінің өзіне тән орны бар екені
даусыз. Дегенмен өз кіндігінен тараған жеті баласының алтауының анасы
Хазіреті Хадишаның орны бір бөлек екені түсінікті. Айналасындағы бүкіл
қауымы оған дұшпан көзімен қарағанда дос қолын созғап, оны шын ниетімен
қолдаған да осы Хазіреті Хадиша еді. Қиын-қыстау күндерде рухына дем
беріп, көңіліне медеу болған да - Хадижатул-кубра (ұлы Хадиша). Сөйткен
жанды ұмытуға бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: