Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Айналым құралдарының мөлшерленуі



Pdf көрінісі
бет18/72
Дата06.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#55249
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы-оқу құралы-2019

3.2Айналым құралдарының мөлшерленуі 
Айналым құралдарын басқарудағы маңызды бағыттардың бірі оларды
ғылыми деңгейде мөлшерлеу болып табылады. Айналым құралдарын
мөлшерлеу арқылы кәсіпорынның меншікті айналым құралдарына деген
қажеттілігі анықталады. Бұл қажеттілік дұрыс анықтаудың маңызы зор,
өйткені ол арқылы үнемі қажет болатын айналым қаржыларының ең төменгі
шегі белгіленеді, ал ол өз алдына кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығына септігін тигізеді 
Айналым құралдарын мөлшерлеу кәсіпорындарда шығындар
сметасына, бизнес – жоспарға сәйкес жүргізіледі. Осы арқылы өндірістік
және қаржылық көрсеткіштердің біртұтастығы қамтамасыз етіледі және
кәсіпкерлік қызметтің қарқындап дамуына жағдай жасайды.
Айналым құралдарын мөлшерлеу барысында мөлшерлер мен
мөлшерлемелік өлшемдер қолданылады. Айналым қаржыларының мөлшері –
бұл тауарлы – материалдық құндылықтар қорының экономикалық тұоғыдан
49
А
й
н
а
л
ы
м
к
а
п
и
т
а
л
ы
н
ы
ң
а
й
н
а
л
у
ш
е
ң
б
е
р
і


дәлденіп өлшенген ең төменгі мөлшері. Ол салыстырмалы шама және күнмен
өлшенеді.Айналым құралдары мөлшерлемесі – бұл кәсіпорынның
кәсіпкерлік қызметін қамтамасыз етуге жеткілікті минималды ақша
қаражатының мөлшері. Айналым құралдарының мөлшері ұзақ мерзімге
жасалатын болса, айналым құралдарының мөлшерлемесі нақты уақыт
аралығына жасалады (жал, тоқсан). Айналым құралдарының мөлшерлемесі
күндік шығын немесе өндіру шамасын айналым құралдарының сол түрінің
мөлшеріне көбейту арқылы анықталады. Күндік шығын немесе өндіру
шамасы шығындар сметасы бойынша жасалады.
Кәсіпорынның қалыпты жұмысын ұйымдастыруға
қажетті айналым құралдарының шамасы мөлшерлеу деп
аталады. Айналым құралдарының мынадай элементтері
мөлшерленетін деп аталады.
 өндірістік запас
 аяқталмаған өндіріс
 қоймадағы дайын өнім
 болашақ кезең шығындары
Айналым
құралдарының
қалған
элементтері
мөлшерленбейтін деп аталады.
Айналым құралдарын мөлшерлеу процесінде айналым
құралдарының нормалары мен нормативтері қолданылады.
Айналым құралдарының нормативі- айналым
құралдарының нормасын сол норма тағайындалған
көрсеткішке көбейту арқылы есептеледі (тенгемен).
Кәсіпорынның айналым құралдарына қажеттілігін
мөлшерлеу мынадай түрде есептеледі: 
Н
а

қ.з

а.қ

д.қ.
(1)
Мұндағы Н
қ.з
-өндірістік запасты мөлшерлеу;
Н
а.қ
-аяқталмаған өндірісті мөлшерлеу;
Н
д.қ
- дайын өнімнің қорларын мөлшерлеу.
Шикізат түрлеріне және негізгі материалдарға күнделікті айналым
капиталының нормасы кіреді: көліктік запас - ақылы материалдық активтер
жолымен жұмсалған уақыт - айналымның ұзақтығы мен құжат айналымы
арасындағы айырмашылық. Технологиялық запас - түсіру, сақтау және
өндіруге дайындау уақыты, ағымдағы, қойма қорындағы материалдардың
тұру уақыты - жеткізілімдер арасындағы орташа аралықтың 50% пайызын
алады, сактандыру запасы - ағымдағы қордың 50% -ын құрайды.
Осылайша, айналымдық капиталдың мөлшерлімділігі тұрақты минималды
және бір мезгілде материалдық құндылықтардың, аяқталмаған жұмыстың
төменгі қалдықтары мен басқа да айналым капиталының қалыптасуы үшін
қажетті айналым капиталының мөлшерін анықтаудан тұрады.
Айналымдағы капиталдың мөлшерлемесі айналым қаражатын пайдаланудың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ұтымды мөлшерлеу нәтижесінде
кәсіпорынның айналым капиталындағы қажеттілігі төмендейді. Көбінесе,
50


ұтымды мөлшерлеу нәтижесінде кәсіпорын айналым капиталын босатады
және қалған көлемін басқа қажеттіліктерге жібере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет