Сурет 4.Айналым құралдарының бөлінуі
Өндіріске өнімділігі жоғары техника енгізу, өндіріс процесін
автоматтандыру сияқты шаралар бұған қол жеткізуге көмектеседі. Мысалы,
мұнай өндірудегі кен орындарын интенсивті пайдалану арқылы әрбір ұңғыға
келетін мұнай көлемін арттыру осы бағыттағы шаралардың бірі болып
табылады.
Айналдым құралдарының көп бөлігі өндірістік запастар түрінде
болады, сондықтан оларды мөлшерге сай азайту айналым капиталын
пайдаланудың тиімділігн анықтайды. Өндірістік запастар мөлшері көптеген
факторларға байланысты. Осы бағыттағы шаралардың негізгісі материалдық
запастарды мөлшерлеуді жетілдіру. Техникалық әрі экономикалық
негізделген мөлшерлемелерді қолдану материалдарды үнемдеуге мүмкіндік
береді. Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның тұрақсыздығына,
жабдықтау жұмысының нашарлығына, жоспарлаудың дұрыс жүргізілмеуіне
байланысты мөлшерден тыс және артық материалдар орын алуы мүмкін.
Айналым құралдарын пайдалану тиімділігін арттырудың және олардың
айналымдылығын жеделдету шараларының бірі материалдық ресурстарды
үнемдеп пайдалану жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
Материалдық – техникалық жабдықтауды ұйымдастыру деңгейінен
кәсіпорындардағы материалдық құндылықтар шамасы анықталады.
Өндірістік бағдарламаның орындалуы, өндіріс процесінің үздіксіздігі де осы
факторларға байланысты.
Осы бағыттағы негізгі шараларға мыналар жатады:
- материалдық – техникалық жабдықтаудың жетілген формаларын
енгізу;
- ресурстарды пайдалану есебі мен оларды бақылауды жетілдіру;
- запастар мен шығындарды мөлшерлеуді жетілдіру;
- тиеу – түсіру жұмыстарын механизациялау мен автоматтандыру.
Ал айналыс сферасындағы айналым құралдарының айналымдылығын
тездетуге мынадай факторлар әсер етеді:
-
материалдық құндылықтарды жеткізуге келісім – шарттары дер
кезінде жүргізу және банк арқылы есеп айрысуды жеделдету;
-
құжаттардың айналымын тездету;
-
дебиторлық бережақты қадағалап отыру және оны азайтуға
бағытталған шараларды белгілеу.
Кәсіпкерлікпен айналысатын кез – келген кәсіпорын мөлшерленбейтін
айналым құралдарын қысқартуға тырысады, себебі бұл айналым
қаржыларының айналыс – сферасындағы айналымын тездетеді, ал ол өз
алдына барлық айналым құралдарын тиімді пайдалануға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: