6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Шахристан – ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені.  Шежіре



Pdf көрінісі
бет284/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Шахристан – ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені. 
Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі, тарихи жылнама. 
Шекшек ата – ешкі түлігінің пірі. 
Шерби – ұлыс істерін басқаратын қызметшілер. 
Шикі кесек – малдың қиы мен сабан араластырып иленген балшықтан құйылған кірпіш. 
Шовинизм – ұлтшылдық саясаттың бір бағыты. 
Шопан ата – қой түлігінің пірі. 
Шылбыр – салт аттың жүрегіне тағылатын бас жіп. Шылбыр тек жылқы малына ғана тән. 
Шыңғыснама – Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жайлы жазылған шежіре. 
Інжу – монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі. 
Эвакуация – көшіру, соғыс жағдайында кәсіпорындарды тылға көшіру. 
Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін ғылым. 
Экономикалық аудан – жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі. 
Экономикалық дағдарыс – өндірістің бүкіл қайшылықтарының аяқ астынан пайда болуын сипаттайтын 
экономикалық цикл фазасы. Сұраныс қабілетінің аздығына қарамай тауардың артық өндірілуі, өндірістің 
шұғыл қысқаруы және өндірістік аппараттың толық пайдаланылмауының күшеюі, өндіргіш күштердің 
бүлінуі, бағаның құнсыздануы, жұмыссыздықтың өсуі, жұмысшылардың нақты жалақысының және еңбекші 
шаруаның табыстарының төмендеуі, ұсақ өндірушілердің жаппай күйзеліске ұшырауы. 
Экспансия – басқа елдерді экономикалық және саяси жағынан бағындыруға, бөтен аймақтарды басып алуға 
бағытталған саясат. 
Экспорт – шетелдерге тауар шығару, импортқа қарама-қарсы ұғым. 
Экспроприация – еркінен тыс мүлкінен айыру. 
Элита – қоғамның қандай да бір бөлігінің неғұрлым көрнекті өкілдері. 
Эмиграция (лат. emigro – кетемін) – азаматтардың өз елінен басқа елге саяси, экономикалық т.б. себептерге 
байланысты тұрақты өмір сүру үшін кетуі. 
Эмиссия – ақшаны немесе құнды қағаздарды айналысқа қосу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет