1.6. МЕДИА АРҚЫЛЫ МАНИПУЛЯЦИЯ ЖАСАУ
Медианы саяси манипуляция құралы ретінде пайдалану демократиялық мемлекеттік құрылым мен азаматтар үшін қауіпті. Сая-
си манипуляция – адамдарды манипуляция жасаушының мүддесі үшін әрекет етуге немесе әрекетсіздікке мәжбүрлеу мақсатын-
да адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысын жасырын басқару, манипуляция жасаушының ырқын манипуляция жасалынатын
адамға жасырын ықпал ету формасында таңу. Манипуляция ұғымының жағымсыз мәні басым. Манипуляция жасау әдісі кез келген
қоғамда барлық уақытта болған.
Ары қарай біз медианың жеке саяси мүдделер үшін біреудің құралы болған жағдайда манипуляцияның әдіс-тәсілдерін қарастырамыз.
Кейбір жағдайларда қоғамдық сананы арбау қандай да бір БАҚ-тың негізгі функциясы болып жүр. Манипуляция жасауды қоғамды
басқарудың тәсілі ретінде қарастырсақ, оның экономикалық және әлеуметтік тәсілдермен салыстырғанда бірнеше артықшылығы бар.
Ол адамдардан жасырын жүргізіледі, тікелей жапа шеккен құрбандары мен қанды оқиғалар болмайды, көптеген саяси қарсыластар-
ды сатып алу үшін де көп материалдық шығын кетпейді. БАҚ саяси манипуляцияның негізгі құралы бола алады. Себебі, оның бұқара-
лық санаға ықпал етуге мүмкіндік беретін ресурстары шексіз және өте бай.
БАҚ жасап берген көркем шынайылық – саяси манипуляцияның негізі.
Мысал үшін, КСРО уақытында БАҚ партияның насихат құралы бол-
ды. Газет беттері, ТВ экрандары, радио эфирі шынайы өмірден басқа
«шынайылық» қолдан құрастырылды. Қазіргі заманда медиада «ба-
лама шынайылықты» жасау арқылы расымен болып жатқан жағдайды
өзгертуге болады. Мысалы, бәсекелесі тапсырыспен жаздырған мате-
риалдың салдары біршама қиындықтар туғызуы мүмкін, тіпті кәсіпкер-
лік қызметті тоқтатуға дейін жетуі мүмкін.
Ақпараттың күн өте қолжетімдірік болып келе жатқанына қарамастан,
БАҚ аудиториясына жеткізетін ақпаратты жақсылап сүзгіден өткізеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланған мәселеге немесе
оқиғаға басымдық беріледі. Мысалы, биліктің қолшоқпары болып
отырған БАҚ билікке қарсы бойкөтерулерге, акцияларға мән бермейді.
Немесе аудитория оппозиция туралы жағымсыз ой қалыптастыратын-
дай етіп береді.
Достарыңызбен бөлісу: