1. Тәбеттің жоғалуы немесе ашқарақтық, ұйқысыздық
2. Жиі сырқаттану
3. Өзінің сыртқы бейнесіне мән бермеу
4. Әрқашан өзін жалғыз сезіну, кінәлі сезіну
5. Өлім туралы ойларға көп берілу
6. Болашаққа ешқандай жоспардың болмауы
7. Үйден қашу
8. Өзіне деген қатігездікті көрсететін суреттер, хаттар, әңгімеле
9. Себепсіз жылау, дөрекілік
10. Заттарын тарату
ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ БОЛАТЫН
ЭМОЦИОНАЛДЫ АУЫТҚУЛАРДЫҢ
БЕЛГІЛЕРІ:
Егер оқушының суицид жасауға бейімділігі байқалса,
мына ұсыныстар жағдайды өзгертуге көмектеседі:
1. Өзін-өзі өлтіруге бел буған оқушының
сөздерін соңына дейін тыңдаңыз
2. Ниеті мен сезімдерінің салмақтылығы-
на, баланың эмоционалды дағдарысының
қаншалықты асқынғанына баға беріңіз
3. Өкпесі мен шағымдарының барлығына
мұқият қараңыз
4. Өзін-өзі өлтіру туралы ойлап жүрсің ба
деп тікелей сұраңыз
5. Ата-анасы баланың қандай сайтқа кіріп
жүргеніне назар аударуы керек
6. Қандай БАҚ-ты оқитынына, теледидар-
дан қандай бағдарлама көретініне назар
аударыңыз
ҰСЫНЫСТАР:
Сонда да, осындай бағыттағы сайттар немесе топтардың қалай жұмыс істейтінін білу керек. Мұндай топтың админдері балалардың
психологиясын өте жақсы біледі. Олар оны тәжірбие барысында меңгерді ме, әлде сезе ме, ол жағы біз үшін маңызды емес. Олар
геймификация (ағыл.gamification) тәсілін өте белсенді қолданады. Яғни, ойын барысында пайдаланылатын элементтерді ойынға қа-
тысы жоқ мақсатта пайдаланады. Бұл тәсіл маркетингте, жарнамада, ересектерді оқыту курстарында жақсы жұмыс істейді. Дәл осы
элементтер желіде зерігіп, не істерін білмей отырған жасөспірімдерді қармағына оңай түсіреді. Бір кіріп көргеннен соң, топтардың
арбауына түсіп қалу оңай. Жасөспірімдер соншалықты қызығына түсіп кетсе, жағдайды уысынан шығарып алады, одан кейін ойын
«санасын билеп» кетеді. Егер жасөспірімнің көңілін көтеретін нәрселер аз болса (отбасындағы байланыс, достары, қызығушылықта-
ры, спорт және т.б.), онда ол жетпегенді желіден іздей бастайды. Күмәнді «ойындарға» беріліп кетуі де мүмкін.
Сонымен, «виртуалды топтардан» келер қауіптерге тоқталдық. Өмір сүру деңгейінің төмендігі, қызығушылықтардың болмауы, әлеу-
меттік күйзеліс, қиын әлеуметтік-экономикалық жағдай, ата-аналардың қатігездігі немесе немқұрайлығы, сонымен қатар ата-ананың
асыра қамқорлығы, өз ой-пікірін білдіру және өзін көрсету мүмкіндіктерінің болмауы – жасөспірім үшін қауіпті.
Замандастарының суицидтік әрекеттеріне
еліктеулері мүмкін. Интернетте қалай суи-
цид жасау керектігін анық көрсететін сайт-
тар бар. Мұғалімдер бұл турасында білулері
керек. Алайда, психологтардың пікірінше,
бұл тақырыпқа оқушылардың назарын
аударудың, олардан бұл туралы арнайы
сұраудың немесе ондай сайттар туралы
білетіндерін не білмейтіндерін сұраудың
қажеті жоқ. Себебі, балалардың көбі қызық
үшін ондай сайттарға кіріп көруі мүмкін.
Ондай сайттарға кіру өте оңай, тіркелмеуге
де болады.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде суицид
тақырыбын талқылайтын парақшалар да
бар екен.
Достарыңызбен бөлісу: