САУЫҚ-САЙРАН ҚҰРУШЫЛАР Сауық-сайран құрушылар интернетті достар табу үшін, олармен сөйлесу үшін пайдаланады. Олардың сөзінше, «интернет достармен
әңгімелесуге жақсы», «байланыс құралы», «достар табуға болатын жаһандық желі», «планетаның әр түкпірінде отырған адамдармен
сөйлесуге мүмкіндік береді».
Олар өздерінің қызығушылығы бойынша немесе жанына жақын
адамдармен сөйлесу арқылы әлеуметтік қажеттіліктерді қа-
нағаттандырады. Осы мақсатта блог жүргізеді, ICQ, Skype, әле-
уметтік желілер, чаттар және форумдар арқылы басқалармен
байланыс орнатады.
Осы арқылы қарым-қатынасқа түседі, кездесулер мен жоспар-
лар туралы ақылдасады, өзге адамдардың мойындауына,
мақтауларына ие болады, осылайша ашылып, өздерін көрсете
алады. Айтқысы келген ойларын, бір мәселеге байланысты
көзқарасын форумдар мен чаттарда айта алады. Бұл топқа жа-
татын жасөспірімдер желіге достар табу үшін, олармен сөйлесу
үшін тіркеледі. Сондықтан, олар интернетке кіргенде әлеуметтік
желілерде отырады, өзін қызықтырған тақырыпқа орай топтар,
қауымдастықтар ашады, ары қарай тұрақты бір орта қалыпта-
стырып, солармен байланысып отырады. Басқа адамдармен
тіл табысуы қиын, көпшіл емес, бірден сөйлесіп кете алмайтын
жасөспірімдер желіде достарды тезірек әрі оңайырақ табады.
Олар әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болып қана
қоймай, контент жасаумен айналысады. Жеке парақша, про-
филь ашады, әртүрлі ақпарат жүктейді, әртүрлі мультимедиа-
лық функциялар: аватар, граффити, фото, видео арқылы өздерін көрсетуге талпынады. Блогерлер арасында ер балаларға қарағанда
қыздар көп.
Сонымен қатар, бұл топқа кіретін жасөспірімдер интернетте өте көп адамдармен байланысқа шыққандықтан, әртүрлі қауіп-қатерлерге
көп соқтығысады. Әсіресе, бопсалау, агрессия немесе сексуалды алымсақтық. Олар дербес ақпаратпен жиі бөліседі, осылайша
ала яқтар мен қылмыскердердің потенциалды құрбандары қатарына енеді.