АҚПАРАТТЫҢ ТОЛЫҚТЫҒЫ
Ақпаратты түсінуге және түйін шығаруға
мәлімет жеткілікті болса, онда ақпаратты
толық деуге негіз бар.
Мысал: тарихшының арманы – өткен дәуір туралы толық ақпаратты білу. Алайда,
тарихи ақпарат ешқашан толық болмайды, сонымен
қатар оқиға алыстаған сайын
ақпараттың толықтығы да сирей түседі. Тіпті, біздің көз алдымызда болып жатқан
оқиғалар да құжатталмайды, көбісі ұмытылып кетеді немесе бұрмаланады. Ақпа-
раттың толық болмауы қате қорытынды немесе бұрыс
шешім шығаруға алып келіп
соқтырады.
1-ҚАДАМ. Қатысушылар арасынан 3-4 адам таңдап, олардың көздерін орамалмен байлаймыз.
2-ҚАДАМ. Қатысушыларға бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі заттар береміз (үлкен жұмсақ ойыншық, химия
кабинетінен қандай да бір
заттар (газшығаратын колба және т.б.). Қатысушылар заттың бір бөлігін қолымен ұстап көріп, қандай зат екенін анықтауы керек. Әр
қатысушы қолындағы заттың не екенін түсіндіреді. Оқытушы заттарды алдын-ала дайындап қойғаны дұрыс.
3-ҚАДАМ. Соқырлар мен піл туралы өсиет әңгімені оқыңыз. Ежелгі үнділерден жеткен мынандай әңгіме бар: Бір ауылды алты соқыр
адам өмір сүріпті. Бір күні оларға «бізге піл келіпті» деген хабар жетеді. Ол
адамдар пілдің не екенін, түрінің қандай болатынын біл-
меген екен. Олар «пілді бәрібір көре алмаймыз, ең болмағанда ұстап көрейік» деген оймен пілдің жанына келеді.
«Піл деген – тіреуіш», -дейді пілдің аяғын ұстаған біреуі. «Піл деген – жіп екен»,- дейді екіншісі пілдің құйрығын ұстап көріп. «Жо–ға!
Бұл деген ағаштың қалың бұтағы ғой»,- дейді пілдің тұмсығын сипаған тағы біреуі. Пілдің құлағына қолы
тиген төртіншісі пілді жел-
пуіш дейді. «Піл – үлкен бөшке» дейді бесіншісі ішін ұстап көріп, ал алтыншысы пілдің азуын ұстаған соң,
оны темекі шегетін тұтқаға
ұқсатады.
Соқыр адамдар арасында қып-қызыл дау туады. Әрқайсысы өз айтқанынан қайтпайды. Егер сол заматта көшеде өтіп бара жатқан
дана адам тоқтамағанда, бұл әңгіменің немен аяқталары белгісіз болар еді. «Не болып жатыр?» деген сұраққа дауласушылар: «Піл-
дің неге ұқсайтынын білмей дал болып жатырмыз» деп жауап береді. Содан әрқайсы өз ойымен бөліседі.
Сол кезде дана адам былай деп түсіндірген екен: «Сіздердің барлықтарыңыз дұрыс айтасыздар. Сіздердің
әрқайсыларыңыз пілдің
әртүрлі дене мүшесін ұстап көрдіңіздер.Шынымен де, сіздер айтып отырғанның барлығы да пілде бар» деген екен.
СҰРАҚ: бұл өсиет әңгіменің толық ақпарат алумен қандай байланысы бар?
Мұғалім үшін: бір адам немесе бір зат туралы әртүрлі адамдардың көзқарасында бір шымшым болсын шындық болады. Өсиет әң-
гіменің негізгі ойын бір оқиға, құбылыс немес зат туралы толық ақпарат болмаған жағдаймен салыстыруға болады.
Пілдің бір дене
мүшесін ұстап көріп қана, расымен де пілдің қандай екеніне көз жеткізе алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: