Журналист қателігі туралы видеоны көрсету:
https://www.youtube.com/watch?v=AaxsUN84o90&feature=youtu.be
СЛАЙД № 17
4-ЖАТТЫҒУ «ТВ-
ДАҒЫ ФЕЙКТЕР»
СЛАЙД № 18
Анықтама:
1971 жылы кеңес геологтары Түркменстанның Дарваза ауылы маңынан
жер астында газдың жиналып қалғанын анықтады. Ұңғымаларды бұрғы-
лау мен қазу жұмыстарының нәтижесінде геологтар жер асты кавернаны
(бос кеңістік) тапты. Содан жер ішке қарай қопарылып, газға толған үл-
кен тесік пайда болды. Бұрғылау мұнарасы барлық құрылғылармен және
көліктермен бірге тесікке құлады. Бұл оқиғадан адамдар зардап шекпеді.
Адамдар мен малдар үшін зиянды газдар сыртқа шықпас үшін газды өртеу
туралы шешім қабылдады. Геологтар өрт бірнеше күннің ішінде сөнеді
деп жоспарлаған, алайда олар қателесіпті. 1971 жылдан бері картерден
шығып жатқан табиға газ күні-түні жанып тұр.
Бұл журналистің жіберген қателігі, редактор видеоның рас-өтірігін тексер-
меген. Кейде аудиторияда нақты бір пікір қалыптастыру үшін жалған ақпа-
рат әдейі таратылады. Қасақана жасалған дезинформация мысалдары
да жиі кездеседі. Ол аудиторияда нақты бір пікір қалыптастыру үшін жа-
салады. Қазіргі таңда ақпарат өте маңызды құрал болып саналады. ТМД
елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда және басқа
да посткеңестік елдерде ақпарат таратудың ең негізгі құралы телевизия
болып тұр. Бұл елдерде телевизия халық үшін ақпарат алудың негізгі құра-
лы қызметін атқарады. Сол себепті, телеарналардың нені көрсетіп, нені
көрсетпеуіне араласқысы келетін фигуралар көп.
Түйін: Біздің әрқайсымыз ақпарат тұтынушымыз. Егер телеарналар осын-
дай фэйктерді әдейі жасайтын болса, демек көрермен оған жол беріп отыр
деген сөз. Көрермен барлығына сене береді
Достарыңызбен бөлісу: