Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет91/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   138
Байланысты:
3a7589a2bc2e406390b1fca8e62cb8fa

148
149
АҚПАРАТТЫ ТАҒАМ ДЕП ҚАРАСТЫРСАҚ ...
АҚПАРАТТЫ ТАҒАМ ДЕП ҚАРАСТЫРСАҚ ...
ҰСЫНЫЛАТЫН 
УАҚЫТ 10 МИН.)
Теледидарда дафейк кездеседі:


СЛАЙД № 19
Мысалы, Отандық БАҚ 1-сәуір күні әдейілеп бірнеше жалған ақпарат жари-
ялаған. Мәселен, Атыраудағы бала әлемдегі ең қиын есепті шешті немесе 
ақырзаман тағы да жақындады деген сияқты. 
https://factcheck.kz/glavnoe/atyrauskiy-geniy-i-dozhd-iz-zolota-1-aprelya-
v-kazaxstanskix-smi/ 
Мұғалімнің анықтамасы: Қазақстан телеарналарында сәуірдің алғашқы 
күніне арнап жалған ақпарат жариялағанын әлі кездестірмедік. Алайда, 
интернет басылымдар шетелдік әріптестерінен артта қалар емес. Өткен 
жылғы Атыраулық бала туралы оқиға есіңізде болар?! Бәрі де жарыса жаз-
ды, артынан оның арнайы шығарылған қалжың екені анықталды. Шынтуай-
тынында, бұл Қазақстандық медиадағы алғашқы фейлдың бірі еді.
1-қадам. Оқушыларды екі топқа бөлеміз.
2-қадам. Карточкаларды алдын-ала дайындаған жөн. 
(бірінші топқа №1, екінші топқа №2)
3-қадам. Тапсырма: суретке қарап, оқиға туралы қысқаша әңгіме ойлап табыңыз.
4-қадам. Топтар жұмыстарымен таныстырады. Жауаптарын тыңдаңыздар. 
5-қадам. Мұғалімнің толықтыруы. Талқылап болған соң, суреттің толық нұсқасын экранға шығарамыз.
Сұрақ: суретте бейнеленген оқиға туралы ойыңыз өзгерді ме?
6-ЖАТТЫҒУ. СОЛДАТТАР
(ҰСЫНЫЛАТЫН УАҚЫТ: 7 МИНУТ)
150
151
АҚПАРАТТЫ ТАҒАМ ДЕП ҚАРАСТЫРСАҚ ...
АҚПАРАТТЫ ТАҒАМ ДЕП ҚАРАСТЫРСАҚ ...


6-қадам. Оқушылардың жауаптарын тыңдау 
Суреттің бірінші бөлігіне қарап тұтқынға жасалып жатқан қатігез әрекетті көреміз. Екінші бөлікке қарап шатасуға болады. 
Әскердегі солдат су ішкізіп жатыр немесе тұтқынға өте жақсы қарап жатыр. Дегенмен, ақиқат мынандай: мұнда тұтқынға 
деген жақсы қарым-қатынас та, қатігездік те жоқ. Иә, суреттегі тұтқын. Бірақ оны ешкім қорлап жатқан жоқ. Бірақ басына 
тақалған автоматқа қарап оған қасындағылар сенбейді деген болжам жасауға болады.
Осы суреттен соң жаңа «мем» пайда болды. Ол әртүлі мүдделі тараптардан әртүрлі ақпарат алуға болатынын көрсетеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаны толықтай, жан-жақты беру керек деген кәсіби қағидаға бағынуға міндетті. Көбіне 
журналистер бірінші ақпарат көзінен алынған оқиғаны толық баяндайды. Алайда, оқиғаны бір қырынан ғана көрсететін БАҚ 
жетерлік. Не маңдайына автомат тақалған тұтқынды, не су ішіп жатқан солдатты. 
Оқиға туралы, тенденция туралы көп білген сайын, картинаны толығырақ білу мүмкіндігі де арта береді. Егер оқиғаға бір 
жағынан ғана қарасаң, онда не болғанын толық біле алмайсың. Жоғарыдағы жаттығудың мақсаты осы.
Әртүрлі жағдайларға байланысты толық ақпарат алу мүмкін болмаса, мысалы болған оқиғаның бір бөлігі туралы ақпарат 
әдейі жасырылса, сыни ойлау қабілеті көмекке келеді. Соның арқасында біз қосымша сұрақтар қойып, оған жауап іздей 
бастаймыз. 
Егер оқушылар сурет тарихы туралы толығырақ білгісі келсе, мына ақпаратпен бөлісуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет