СЛАЙД № 16
Мысалы, мыңдаған оқырманы бар инстаграмм қолданушысы
қандай да бір сусынды ішпей бір күн де тұра алмаймын десе,
бұл, әлбетте, жарнама болуы мүмкін. Жасөспірімдердің көбі өз-
дерінің кумирлеріне ұқсағысы келеді. Жарнама берушілер мұны
тиімді пайдаланады.
Манипуляция тәсілі тек жарнамада қолданылмайды. Ақпарат қоғамдық сананы
жаулаудың негізгі құралы да бола алады. Нақты бір оқиға немесе құбылыс туралы
қандай да бір көзқарасты қалыптастыру үшін ақпаратты құрал ретінде пайдалануға
болады. БАҚ насихат құралы да бола алады. Мықты құрал болғаны соншалық, бір
ұлт өкілдерінің екінші ұлт өкілдерін айуандықпен қырып-жойып жіберуіне дейін жет-
кізеді.
Мысалы, Германияда Гитлер тұсында насихат министрі қызметін атқарған Йозеф
Геббельс национал-социалистердің танымалдылығының артуына зор үлес қосты.
Ол радио мен киноматографты белсенді қолданды, ол заманда телевизия кең қол-
данысқа енбей тұрған болатын. Ол фашизм идеясын дамытты, холокост ұйымда-
стырушыларының бірі болды. Ол тұтастай бір елді депортация және еврейлерді
жою идеясын қабылдауға дайындады.
Достарыңызбен бөлісу: