Іздеу алгоритмі


адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата07.12.2022
өлшемі221,9 Kb.
#55521
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия реферат бөж2

адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер 
бағдары да оған негіз болады. 
 
 
2. Негізгі бөлім 
Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты 
туралы мәселені зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен 
ол ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы 
талдауға алынып, қарастырылады. Басқаша айтқанда, 
философ өз ойлануының жемісін өзінен тысқары тұрған 
тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен 
адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен 
ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін 
және маңызын түсінеді. 
 
 
 


Философия таным процесінде ненің дәлелді, 
дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін 
көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың 
жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. 
Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы түрленіп, 
толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі 
кезігіп отыратын мәселе де бар. Ол, Энгельстің айтуынша 
«...ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе». Бұл 
мәселені, Энгельс философияның негізгі мәселесі — деді. 
Оның себебі мен мәнісі неде? 
 
Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың 
екі жағы да — материалдыққа және идеалдыққа душар бола 
ды. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың 
бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі 
одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады. 
Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, 
көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, 
психикалық қасиеттер) жатады. Осылардың арақатынасы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет