байланысы қандай? Ойдың болмысқа, материяның рухқа
қатынасы қалай?
Міне, осы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып
табылады. Бұл мәселенің бірінші жағы — материя алғашқы
ма, жоқ әлде рух, сана шешуші, алғашқы болып табыла ма
деген сұрақтарға кеп саяды.
«Осы мәселелерге қалай жауап берулеріне қарай,—
дейді Энгельс,— философтар екі үлкен лагерьге бөлінді.
Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын өмір сүрді дегендері...
идеалистік лагерьді құрды. Ал табиғатты бірінші деп
есептегендері материализмнің әр түрлі мектептеріне
қосылды.
Материализм мен идеализм негізгі осы мағынада
қолданылады, Олардың арасындағы күрес философия
дамуының түбегейлі бағытын анықтады. Бірақта осы күрестің
қалыптасуы адам қызметінің мазмұнына тәуелді және
материализм мен идеализмнің түрлеріне байланысты.
Сөйтіп, философияның негізгі мәселесінің бастапқы,
онтологиялық, жағы бар. Онтология болмыс дамуының
жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе
материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін,
оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал
идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш
ретінде уағыздаушылық. Бірақта сыртқы және ішкі дүниенің
өзгерістері туралы көзқарастар үнемі жаңарып отырды.
Осыдан материализмнің негізгі үш тарихи түрін ажыратуға
болады: тұрпайы материализм, механикалық-
метафизикалық және диалектикалық материализм.
«Материализм» деген ұғым философияда негізінен XVII
Достарыңызбен бөлісу: |