ӘОЖ 001:94 (574)(045)
ӘБУНАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫР ОТЫРАР
Семирханов Б., «Тарих» мамандығының студенті
Ғылыми жетекші: Бекенжанова А.А., аға оқытушы
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Аңдатпа. Бұл мақалада Отырарда ортағасырлық шығыстың ұлы ойшылы, Әбу
Насыр-әл-Фараби туып өскендігі, ол ғылым мен қоғамның дамуына көптеген өзінің
ойларын дамыта келе, қоғамның дамуына үлес қосатын ғылымның әдістемелік
мәселелеріне ерекше мән беріп ғылым мен мәдениеттің дамуына арнап жазған көптеген
еңбектерінің зерттелуі туралы қарастырылған.
Түйінді сөздер: қала, Отырар, мәлімет, трактаттар, ғылым, еңбектер, мұралары
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалалардың ішіндегі көлемі
жағынан аса ірі және атақтыларының бірі Отырар (Фараб) қаласы. Қазақстан
территориясындағы басқа қалалармен салыстырғанда Отырар туралы мәліметтер жазба
деректерде көп кездеседі. Деректерде бұл қала «Отырар» не «Фараб» деген атпен
аталады. Фараб деп аталуы VIII ғасырдың отызыншы жылдарындағы деректерінде
116
кездеседі. Отырар қаласы орта ғасырларда экономикалық, мәдени, ірі сауда орталығы
болған [1].
Академик Кемал Ақышевтің басқаруымен 1971 ж. басталған Қазақстан ғылым
академиясының Отырар орнын археологиялық қазу нәтижесінде табылған материалдар
осыны дәлелдейді. Осындай мәдени ошақтардың бірі болып саналатын Отырарда
ортағасырлық шығыстың ұлы ойшылы, замандастары кезінде «Екінші Аристотель»
атаған Әбу Насыр-әл-Фараби туып өскендігі белгілі [2].
Бұрын көпшілік қауымға Отырарлық Әбу Насыр әл-Фарабидің аты ғана белгілі
болса, қазір өздері туған қаласында өмір сүріп, ғылыммен айналысқан, әл-
Фарабилердің он болды. Олар туралы деректі филология ғылымдарының докторы,
Ә.Дербісалиев Сирия, Морокко, Тунис кітапханаларынан, көне жазбалар қорларынан
шығыстың жарық жұлдыздарының аты-жөндері, шығармашылықтары туралы
мәліметтерді тапқан.
Бұл әл-Фарабилер Шығыстың басқа орталақтарына бармай-ақ өмірге келген
қаласында тұрақты өмір сүріп ғылыммен айналысқан. Солардың бірі ұлы ғұлама Әбу
Насыр
әл-Фараби.
Сондай-ақ
аңыздарға
қарағанда
Отырар
қаласында
Александриядағы кітапханадан кейінгі орын алатын дүние жүзіндегі аса ірі кітапхана
болған.
Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен
ажырамастай егіз алып жүрген бабамыз 870 жылы дүниеге келіп 950 жылы Шам
шаһарында ( Дамаскі) қайтыс болған. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы БаБ әс-Сағир
зиратында жерленген.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған. Сол кезде
Мәуренаһрда балаларды түрлі қолөнер мен ғылымға үйретті, оқыту үшін бес жастан
қабылдаған. Ал кейін Шаш пен Самарқан, Бұқара шаһарларында оқиды, ары қарай
Ирак, Бағдат, Шам, Мысырда оқып, білім алған.
Философия, әлеуметтану, математика, физика, астрономия, ботаника, эстика,
эстетика, лингивистика, логика, денсаулық сақтау, музыка зерттеу салаларында терең
білім алған. Ол ғылымның осы салаларында160-қа тарта тракаттар жазды [3].
Орта ғасырдағы ғылым мен мәдениеттің үздік өкілі болған Әл-Фарабидің
шығармалары латын, парсы, ағылшын, француз, неміс тілдеріне аударылып, жеке кітап
болып шықты. Күллі дүниенің ғалымдары Әбу Насыр Әл-Фараби өмірі мен
шығармаларын орта ғасырларда араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар
арқылы біле алады. Атап айтқанда Захир ад-Дин, Әл-Байһаки кітабында Шығыстан
шыққан дәрігерлер, астраномдар, фәлсапашылардың өмірі мен еңбектерін әңгімелейді.
Әл-Байһаки түрлі кезеңдері және шығармашылығы туралы мәліметтер береді. Еуропа
ғалымдарын да ұлы ғұламаның өмірі мен еңбектері қызықтарған, атап айтқанда Роджер
Бекон, Леонарда да Винчи, Спиноза т.б. Неміс ғалымдары И.П. Козегартен, Фридрих
Диетереци т.б.
Фридрихтің «Әл-Фарабидің философиялық тракаттары» деп аталатын
жинақтары шыққан. Ал Кеңес Одағының шығыстанушы ғалымдары В.Бартольд, Е.Э.
Бертельс, Б. Ғафуров т.б. еңбектерінде Отырар қаласы және одан шыққан ғұламалар
жайлы мәліметтер береді.
Әл-Фараби мұралары туралы А. Машановтың «Әл-Фараби және Абай» деген
еңбектері жарық көрді. Соңғы еңбегінде Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың басқа да
дана ұлдарының, атап айтқанда Абайдың ой-пікірерін, көп мәселедегі көзқарастарының
сабақтастығын атап көрсеткен [4].
А. Көбесовтың «Әл-Фараби» деген еңбегінде, Бағдат халифалары VIII-IX
ғасырларда ғылымды дамыту мәселесіне көңіл бөледі. Бағдадта және тағы басқа
қалаларда астрономиялық обсерваториялар және «Даналық үйі» деген арнайы
117
аудармашылар орталығында грек, үнді тілдеріндегі қолжазбаларды араб тіліне
аударатын білімпаз оқымыстылардың арасында Орта Азия мен Қазақстаннан
шыққандарда бар. Солардың ішінде ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік
ғылымға қосқан үлесі туралы да айтылады.
Мәдениет пен ғылымға қай ғасырда болмасын үлкен көңіл бөлінген және ол
көшпелі халық өмірімен ұштасып жатқан. Ал, қазақ даласында феодалдық
қатынастардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы егіншілік
шаруашылық пен қалалардың өсуі, қала мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлесін қосты.
VI-X ғасырларда «Ұлы Жібек жолының» халықаралық жағдайда зор маңызға ие
болуы, Орта Азия, алдыңғы Шығыс және Шығыс Европа сауда және мәдени байланыс
жасауына негіз болды. Ал мұндай қарым-қатынастардың пайда болуы ғылымның да
ерекше дамуына өз үлесін қосты.
Ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсінген Бағдат қаласындағы аббасилік
халифалар ғылымды дамыту мәселесіне көп көңіл бөле отырып, Бағдатта және басқа
қалаларда астрономиялық обсерваториялар салдыра бастады. Ғылым саласының
дамуында мәдениет пен ғылымның жанашыры болған Харун ар-Рашид құрған
«Даналық үйі» деп аталатын, жанында жақсы жабдықталған кітапханасы бар аранаулы
аудармашылық орталықтың мәні зор [5]. Осы Бағдат обсерваториясы мен “Даналық
үйінің” ғылыми жұмыстарының басты ұйтқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан
ғалымдар болды. Ондай ғұламалардың ішінде теңдесі жоқ үздік ғалымдардың бірі,
Отырар ойшылдарының ең атақтсы, шоқтығы биік ұы ғұлама, «Шығыстың
Аристотелі» Әбу Нәсір әль-Фарабидің есімі ерекше. Ол-ежелгі Отырар мен оның
тікелей ықпалында болған іргелес қалалары қалыптастырған археологиялық Отырар-
Қаратау мәдениетінің, сол сияқты осы өңірдің ортағасырлық жетістіктерінің негізінде
қазіргі кезде Отырар өркениеті болып таныла бастаған ғылым мен мәдениет үлгісін
тудырған елдің азаматы [6].
Әл-Фараби ортағасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуына көптеген
еңбектер жазды. Ол ғылым мен қоғамның дамуына көптеген утопиялық ой-
тұжырымдарын өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» деген еңбегінде
көрсетті. Бұл еңбекте Әбунәсір қоғам басшыларын сынға ала отырып, олардың ғылым
мен мәдениет саласындағы еңбектеріне тоқталды. Ол өзінің қоғамдық ойларын дамыта
келе, қоғамның дамуына үлес қосатын ғылымның әдістемелік мәселелеріне де ерекше
мән берді.
Ғылымдар жүйесінде Әль-Фараби жаратылыстану-математика ғылымдарына зор
көңіл бөлген. «Ғылымдардың шығуы» деген еңбегінде ғылымды нақты және
абстрактылы, сондай-ақ теориялық және практикалық деп бірнеше түрлерге бөліп
қарастырса, «Ғылымды классификациялау және анықтау» деген еңбегінде ғылымда тіл,
логика және математика саласын жалпы үш түрге топтап, олардың әрқайсысын жеке-
жеке бөліп көрсетеді.
Сонымен қатар ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған, халықтарды
бейбіт өмір сүруге, достыққа шақырып, жастарды білімділік пен парасаттылыққа
тәрбиелеген ұлы кемеңгер. Мұндай данышпан ойшылдар мен ғұлама ғалымдардың
өмір срген кезеңінде ортағасырлық қалалар да шарықтап, өз кемеліне жеткен. Өзінің
оқымысты ойшылдармен бірге шартарапқа саудасы, гүлденденген мәдени ошақтары,
қаланың сәулетті ғимараттары арқылы әйгілі болған ортағасырлық қалалардың ішінде
Отырар қаласы еркеше орын алады [7].
VI – VIII ғасырларда Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы.
Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалрдың бірі, Ал XVI – XVII ғасырларда қазақ
хандығының саяси және экономикалық орталығына айналған көне Тарбан және Фараб,
кейінгі Отырар қаласы XVIII ғасырдың орта шенінде қаңырап бос қалып, сол
118
ғасырдың екінші жартысында әбден қирап, бүгінде жергілікті тұрғындар арасында
Отырар төбе деген атқа ие болған. Ортағасырлардағы қаланың рөлі мен
маңыздылығының артықшылығы оның орын тепкен жерлерінің, географиялық
жағдайының қолайлығына байланысты болатын. Отырар Арыс өзенінің Сырдарияға
құйылатын жеріндегі ерекшелікпен айналысатын аймақтың ірі орталығы, әрі Қаратау
етегіне жақын орналасқандықтан кезінде көшпенділердің бекініс қамалының бірі
болған. Отырар қаласына жүргізілген ірі қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған
қаланың XVI-XVII ғасырлардағы бөліктері, XV ғасырларға жататын мешіт
құрылыстары, XI-XV ғасырлардағы моншалар, XIII-XV ғасырлардағы қолөнер
шеберханалары және басқа көптеген ғимарат орындарын айтуымызға болады [8].
Мұндай орны толмас қазыналардың бірі моңғол шапқыншылығының
нәтижесінде жоғалып кеткен ортағасырлық Отырар кітапханасы қазіргі таңда қайта
зерттелуде.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Бартольд В.В Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Сб. Т. 1. –М., 1965.
2.Ақышев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Древний Отрар.- А., 1972.
3.Аль-Фараби. Философские трактаты. А. Наука, 1975
4.Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. 1985
5.Маданов Х. Қазақ халқының мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. – А,. 1991.
6.Көбесова А. Әль-Фараби. –А,. 1997.
7.Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – А,. 1995.
8.Ортағасырлардағы Отырар керамикасы. – А,. 1991.
Достарыңызбен бөлісу: |