Аметова Малика Ұлық болсаң,кішік бол!


Қарапайымдылық пен кішіпейілділік түп тамырдан



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.12.2022
өлшемі101,02 Kb.
#55661
1   2   3
Байланысты:
кішіпейілдік

Қарапайымдылық пен кішіпейілділік түп тамырдан..
«Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» 
Халық даналығы
Халқымызда даналыққа негізделген мынадай сөз бар: “ Үлкеннен құрмет,кішіден ізет” 
деген. Кішіпейілдікті бойға сіңіру жастайымыздан бастау алады. Қарапайым болуды 
үйрену, жасандылыққа жол бермеу, жан баласына сыйластықпен қарым-қатынас жасауды 
үйренсе кішілікке бір табан жақындайды.
Х-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мəшһұр болған 
данышпан-ойшыл энциклопедист-ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн "Құтты 
білік" дастанында ерекше мəн беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мəселелердің 
бірі -
​ адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйласуы болып табылады​. Атап 
айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, əкімдердің өз қол 
астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз 
əке-шешелеріне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек деген 
сауалға жауап берілген.Жақсы мінез құлық, əдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның 
тəлім-тəрбиесіне байланысты. Сондықтан жас нəресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше 
тəрбиелей бастау - əке-шешенің қасиетті борышы. Əсіресе өркөкірек, тəкаппар, қуыс 
кеуде болудан аулақ болу қажет.Кішіпейілділік - үлкенге де, кішіге де, жарасатын қымбат 
қасиет: «Кісілік қымбат, кішілік қымбат, 
Ұлық болсаң кіші бол,». Əке-шешеден тəрбие көрген, əдепті жандар қашанда нəпсісін тия 
білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тəрбие жайлы өзінің он тоғызыншы қара 
сөзінде : 


“Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын 
есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нəрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана 
есті етеді”,-деп ақыл-естің тəрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дəлелдеп 
береді. 
Абай: “сүтпен біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты əшкерелеп, 
адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған əлеуметтік орта əсерінен өзгеріске 
енеді, ол іс-əрекет арқылы көрінеді .
Баланы кішіпейілдікке баулу үшін мына əдістерді қолдануға болады: 
- Өз қатесін мойындап үйрену. 
«Өзінің кемшілігін мойындаушы әрдайым мақтаулы. Өйткені кемшілікті мойындай білу – 
көркем қасиет». 
- Шыншыл болу 
- Тыңдап үйрену 
- түсіністікпен қарап үйрену 
- Кешірімді болу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет