Жасанды кішіпейілділіктің көрінісі
“ Жасанды кішіпейілдік -жақсы қасиеттен емес”
Абай Құнанбайұлы
Адамдарға жақсы көріну үшін,оларға ұнамды болу үшін жасанды кішіпейілдіктің қажеті
жоқ. Өзгелерге ұнамды болу үшін не болмаса пайда іздеп жасанды кшіпейілдікке бару
жақсы қасиеттердің бірі емес.
Егер қарапайымдылық жасанды болса, адамды басқалардан ерекшелеп, назарды өзіне
аударатын болса, онда мұндай қарапайымдылық менмендіктің алдамшы түрі болып
шығады. XVIII ғасырда өмір сүрген итальян драматургі Карло Гольдони: «Жалған кіші
пейілділік те, менмендік сияқты, жиіркенішті», — деп шегелей түседі .
Жасанды кішілік таныту- асылында, адамның адасауы. Ол не мақсатта жасап жүргенін
түсінбейді. Бос мақтанға құмарланудың керегі жоқ. Өтіріктің арты бір тұтам.
Жасандылықта бір күні əшкереленеді. Ал , жария болғанда ,текке ұятқа қалады.
“ Кішіпейілдік абыройдың əшекейі”