Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет23/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

70-жаттығу. Төмендегі жаттығудан одағай сөздерді тауып, жазылуына 
назар аударыңыздар. 
– Зарлық сұлу қыздармен билегенде дорбасын қайда тастап кетеді екен, ә? – 
десіп, бүйрегі бүлк етпей, жан-жағымызда үлкен бар демей-ақ ыржалақтап тұр. 
(М.Әуб.) – Апыр-ай, ә... – деді Ғабең орнынан тұрып, зал ішін ерсілі-қарсылы 
кезіп кетті. (М.Әуб.) Шіркін, жазу деп Қадырдың жазуын айтсайшы! (М.Әуб.) – 
Япыр-ай, Алексей Иванович сияқты ғалым емес, мұншама тілді қайдан 
үйренген? (М.Әуб.) – Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен 
айтқан арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай. (М.Ә.) – 
Масқара! Шұбардың құсы дуадақ ілудің орнына, дуадақтан жапа шегіп, қорлық 
көріп қалыпты ғой! – дейді. (М.Ә.) – Әй, жігітім, тоқташы былай! – дей беріп 
еді, Далбай қамшысын сілтеп, ақырая берді. (М.Ә.) – Е, қарағым-ай, сенің 
басыңа да бұлт үйірілген екен ғой. (М.Әуб.) – Ойбай-ау, ағатай-ау, мұныңыз 
не? Ауруханадан кеше шыға сала жер қазып жатқаныңыз қалай! (М.Әуб.) 
71-жаттығу. 
Төмендегі 
одағайларды 
қатыстыра 
отыра 
сөйлем 
құрастырыңыздар. 
Моһ-моһ, бәрекелді, шіркін-ай, ойпырм-ай, ау-у-у, мәссаған, түуһ, уһ, ура-а-
а, пай-пай, шөре-шөре, паһ-паһ, әттеген-ай. 
 
Қосымшалардың жалғануы 
Қосымшалар сөздің соңғы дыбысының, буынының әуенімен үндесіп, бірге 
жазылады: біл-ім-ді, дарын-ды, парасат-ты т.б. 
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -бан, -гер, -кент, -хана, -стан, 
-еке, -жан, -қар, -кеш, -дар, -көй, гөй, -қор, -қой, -мар, -маш, -нікі, -дікі, -тікі, -
паз, -тал, -уар, -мен, -бен, -пен. Мысалы, еңбекқор, өнерпаз, тілмаш т.б. 
Жалқы есімдер й, ш дауыссыз дыбыстарына аяқталса, -ев (-ева), басқа 
дауыссыз дыбыстарға аяқталғанда, -ов (-ова), дауыстыларға аяқталса, -ин (-ина) 
қосымшалары жалғанады: Сәтбай + ев – Сәтбаев, Сейфолла + ин – Сейфуллин, 
Шахан + ов – Шаханов. –ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға 
қосымша түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: 
С.Жүнісовке, С.Исаевтың. 
Әріптерден қысқарған сөздерге қосымшалар оның айтылу әуеніне қарай, ал 
олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай 
дефис арқылы жуан не жіңішке болып жалғанады: ПМПИ-ге, ПМУ-дың, ТУ-
144-ке. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет