Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет1/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
ЕРҒАЛИЕВ ҚУАНЫШ СОВЕТҰЛЫ 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ МЕН 
ПУНКТУАЦИЯСЫ 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар
2012 



УДК 81'35=512.122 
ББК 81.632.4 я 7 
Е 69 
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған. 
Пікір жазғандар: филология ғылымының докторы, профессор Сағындықұлы Б. 
филология ғылымының кандидаты, доцент Қ.А. Мамаділ 
Е 69 Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Оқу 
құралы.-Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. –135 бет. 
ISBN 978-601-267-172-8 
Оқу құралында емле және тыныс белгілерінің соңғы ізденістер негізіндегі 
теориялық мәселелері қарастырылған. Білімді бекіту мақсатында түрлі 
деңгейдегі жаттығу жұмыстары мен тест тапсырмалары ұсынылған.
Оқу құралы қазақ тілі мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарының 
филология 
факультетінің 
студенттеріне, 
тілші 
мамандарға, 
мектеп 
мұғалімдеріне, жалпы көпшілік қауымға арналады. 
УДК 81'35=512.122 
ISBN 978-601-267-172-8 
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 
© Ерғалиев Қ.С. 



Алғы сөз 
Орфография мен пунктуация – сауаттылықты және зеректілікті талап 
ететін тіл білімінің салалары. Сауаттылық – мәдениеттіліктің белгісі. 
Сондықтан емле ережелерін сақтап жазуға баса көңіл бөлген жөн. Орфография 
заңдылықтарына негізделіп құрастырылған сөздіктер де жыл сайын дамып
толықтырылып, өзгеріске түсіп отырады. Ол – заңды да тарихи құбылыс. 
Осыған орай түрлі деңгейдегі практикалық тапсырмаларды қамтитын еңбектер 
де жарияланатыны белгілі. Олар заман талабы мен сұранысынан, қажеттілігінен 
туындайды.
Адамның көңіл күйі мен сезімін, айтайын деген ойын әсерлі де түсінікті 
жеткізуге көмектесетін, синтаксистік байланыстарды дәл ажыратып тұратын 
таңбалар – тыныс белгілері. Тыныс белгілері қате қойылған мәтіннің, 
сөйлемнің мағынасы күңгірттеніп не тіпті өзгеріп кетеді. Сондықтан оны дұрыс 
қоюдың мәні зор.
Бүгінгі таңда орфография мен пунктуация мәселелерінен біршама толық 
әрі жүйелі тұрғыда мағлұмат беретін еңбекке Р.Сыздықованың «Емле және 
тыныс белгілері» зерттеуін жатқызамыз. Оның қатарында Ф.Мұсабекованың 
«Қазіргі қазақ тілі пунктуациясы», Н.Оралбаева мен Ә.Абылақовтың «Қазақ 
тілі», А.Қыдырниязованың «Орфография және тыныс белгілері» оқу құралдары 
бар. Алайда аталған еңбектердің шыққанына біршама уақыт өтуіне байланысты 
және олар арнаулы орта оқу орындарына арналып жазылғандықтан пысықтау 
материалдары да шағын.
Қазіргі оқу үрдісі талаптары мен сұраныстарын қамтамасыз ету 
қажеттілігі ұсынылып отырған оқу құралын жазуға алып келді. Еңбекте 
теориялық мәселелер оқушылар мен студенттердің жылдам есте сақтауларына 
негізделіп, кестеге түсіріліп, нақты, қысқа түрде берілген. Пысықтау 
тапсырмаларының 
әртүрлілігі 
олардың 
қызығушылығын 
арттыруға 
көмектеседі. Онда тәрбиелік мәні бар мәтіндер теріліп, сараланып, іріктеліп 
алынған. Олардың тақырыптары да қазіргі заман талаптарына жауап береді. 
Оқу құралында қазақ тілі синтаксисінің күрделенуіне, мәтін 
синтаксисінің қалыптасуына байланысты және емле ережелерінің дамуына орай 
пунктуация мен орфография, оның теориялық негіздеріндегі қиындық 
келтіретін жағдайларға айрықша назар аударылды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет