Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмалары
1. Қай дыбысқа қазақ тілінде сөз аяқталмайды?
A) с
B) к
C) ғ
D) қ
E) й
2. Тек жуан сөздерде кездесетін дауыссыз дыбыс
A) қ, ғ
B) т, д
C) с, з
D) ж, ш
E) п, б
3. Сөздің соңында келмейтін әріп
A) ы
B) о
C) і
D) е
E) а
4. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз
A) жау
B) тоқ
C) асау
D) рас
E) өте
5. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз
A) су
B) жау
C) жауын
D) тау
E) қауын
6. Тасымалданбайтын сөз
A) қиын
B) киін
C) қант
D) суық
E) жоғарыдағы барлық сөз тасымалданбайды
7. Тасымал мен буын түрі сай келмейтін сөз
A) білім
B) азалы
C) ант
D) буын
E) парасат
38
8. Бірге жазылатын сөз
А) кемі екі түбірден біріккен
В) кемі екі түбірден қосарланған
С) кемі екі түбірден тіркескен
Д) осы айтылғандар
Е) барлық сөздер
9. Одағай сөздердің жазылуы
A) қысқарып
B) тек дефис (-) арқылы
C) бірігіп
D) естілуінше
E) тіркесіп
10. Емле ережесіне сай сөз
A) сүтана
B) сүткенже
C) сүт ақы
D) сүттіс
E) сүт жапырақ
11. Сөздің дұрыс жазылуын тексеретін тіл білімінің саласы
A) фонетика
B) орфография
C) орфоэпия
D) графика
E) физика
12. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөз
A) домбыра
B) кітап
C) терезе
D) күрес
E) жүгір
13. Дұрыс жазылған сөз
A) сепкіл
B) қапқан
C) өрекпі
D) түлкү
E) дұрыс жауабы жоқ
14. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз
A) Исмаил бей
B) Исмаил-Бей
C) Исмаил-бей
D) Исмаил Бей
E) дұрыс жауабы жоқ
15. Емле ережесіне сай сөз
A) кіндіката
39
B) кіндікбала
C) кіндікбау
D) кіндікшеше
E) кіндіккесу
16. Емле ережесіне сай сөз
A) құнан бәйге
B) құнанжарыс
C) құнанқой
D) құнанқымыз
E) құнанөгіз
17. Емле ережесіне сай сөз
A) май жидек
B) майдәрі
C) майтопырақ
D) майбалшық
E) май кене
18. Бөлек жазылатын сөз
A) ақ (бидай)
B) ақ (сиса)
C) ақ (ауыз)
D) ақ (көңіл)
E) ақ (қурай)
19. Бөлек жазылатын сөз
A) ақ (сақал)
B) ақ (селеу)
C) ақ (сұңқар)
D) ақ (жауын)
E) ақ (қайнар)
20. Бөлек жазылатын сөз
A) сары (жайлау)
B) сары (жылан)
C) сары (аяз)
D) сары (су)
E) сары (шұнақ)
21. Бірге жазылатын сөз
A) сары (аяз)
B) сары (май)
C) сары (жілік)
D) сары (бел)
E) сары (алтын)
22. Бірге жазылатын сөз
A) ала (қоржын)
B) ала (дүбір)
C) ала (жылан)
40
D) ала (таң)
E) ала (бұта)
23. Бірге жазылатын сөз
A) (ала) бота
B) (ала) жаздай
C) (ала) орамал
D) (ала) көйлек
E) (ала) көңіл
24. Орфография бойынша жазылған сөз
A) ухиледі
B) ухіледі
C) уһледі
D) ухыледі
E) уһіледі
25. Дауысты «-ы/-і» дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда түбірі
өзгермейтін сөз
A) халық
B) бұрым
C) орын
D) мұрын
E) осы айтылғандар
26. Морфологиялық принцип дегеніміз –
А) сөздердің айтылуынша жазылуы
В) сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылуы
С) сөздердің түбірі өзгеріске түсіп жазылуы
Д) осы айтылғандар
Е) дұрыс жауабы жоқ
27. Жарғабақ сөзінің жазылу принципі
A) фонетикалық
B) фонематикалық
C) морфологиялық
D) тарихи-дәстүрлі
E) фонематика-морфологиялық
28. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөз
А) қолғап
В) көрсеқызар
С) қосшы
Д) түнгі
Е) дұрыс жауабы жоқ
29. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөз
A) бүгін
B) хат
C) жұмысшы
D) қарлығаш
41
E) қолғап
30. Белбеу (бел бау) сөзі қандай принцип бойынша жазылған?
A) фонетикалық
B) фонематикалық
C) морфологиялық
D) тарихи-дәстүрлі
E) фонематика-морфологиялық
31. Қазақ тілінде емле ережесін сақтап жазуда басшылыққа алынатын принцип
A) фонетикалық және морфологиялық
B) фонематикалық және фонетикалық
C) морфологиялық және тарихи-дәстүрлі
D) тарихи-дәстүрлі
E) фонематика-морфологиялық
32. Емле ережесін сақтап жазуда алты принципті көрсеткен ғалым
A) Ш.Бектұров
B) С.Мырзабеков
C) Р.Сыздық
D) К.Аханов
E) Н.Оралбай
33. Дефис (-) арқылы жазылатын шылау
A) -ай/-ау
B) -қана/-ғана
C) -тен
D) -ма/-ме
E) -түгіл
34. Дефис қойылатын жер
A) қосалқы мүшелі күрделі атаулар
B) күрделі сан есімдер
C) біріккен сөздер
D) оңашаланған айқындауыш
E) дұрыс жауабы жоқ
35. Дефис арқылы жазылатын сөз
A) 200 пайыз
B) 80 метр
C) 9 сынып
D) 2011 жыл
E) 16 ақпан
36. Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде,
оғлы сияқты тұлғалардың жазылуы
A) дефис арқылы
B) бөлек
C) бірге
D) қос нүкте арқылы
E) кірігіп кетеді
42
37. Дефис арқылы жазылатын демеулік шылаулар
A) сұраулық демеуліктер
B) күшейткіш демеуліктер
C) болымсыздық демеуліктер
D) жалғаулықтар
E) септеуліктер
38. –ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа аяқталғанда
жалғанады?
A) ч, ц дауыссыз дыбыстарына
B) дауысты дыбыстарға
C) и, у дифтонг дыбыстарына
D) й, ш дауыссыздарына
E) дұрыс жауабы жоқ
39. -ин (-ина) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа аяқталғанда
жалғанады?
A) дауыссыз дыбыстарға
B) дауысты дыбыстарға
C) и, у дифтонг дыбыстарына
D) й, ш дауыссыздарына
E) дұрыс жауабы жоқ
40. -ов (-ова) қосымшасы сөздің соңғы буыны қандай дыбысқа аяқталғанда
жалғанады?
A) дауыссыз дыбыстарға
B) дауысты дыбыстарға
C) и, у дифтонг дыбыстарына
D) й, ш дауыссыздарына
E) дұрыс жауабы жоқ
41. Соңғы буынында ю, э, ё дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген
сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
A) жуан
B) ережені сақтамай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
42. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынында я әрпі болса, оған қандай
қосымша жалғанады?
A) жуан
B) ережені сақтамай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
43. Кірме сөздер ог, уг дыбыстарына аяқталса, оған қандай қосымша
жалғанады?
A) жуан
43
B) ережеге бағынбай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
44. Кірме сөздер рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт дыбыстар тізбегіне аяқталғанда
қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады?
A) жуан
B) ережеге бағынбай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
45. Кль, брь, бль дыбыстар тізбегі мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір
буынды сөздерге жалғанатын қазақ тілі қосымшалары
A) жуан
B) ережеге бағынбай
C) жіңішке
D) еріндік
E) буын үндестігі бойынша
46. Қосымша жіңішке түрде жалғанатын сөз
A) факт
B) клуб
C) кітап
D) дәріхана
E) дұрыс жауабы жоқ
47. Қосымшасы бұрыс жалғанған сөз
A) фестивалі
B) фестивальдан
C) лагерьға
D) банкі
E) дұрыс жауабы жоқ
48. Үндестік заңына бағынбай жалғанатын қосымша
A) -лық, -ді
B) -тал, -маш
C) -дар, -шы
D) -қ, -лау
E) -лы, -бен
49. Орфографиялық ережеге сай жалғанған жалғау
A) банкке
B) банктан
C) банкка
D) банктың
E) банкіге
50. 2007 жылы жарық көрген орфографиялық сөздіктің жауапты редакторы
A) Р.Сыздық
44
B) Н.Уәли
C) Ә.Жүнісбек
D) М.Жүсіпұлы
E) С.Мырзабеков
51. «Емле және тыныс белгісі» атты еңбектің авторы
A) Р.Сыздық
B) Н.Уәли
C) Ә.Жүнісбек
D) М.Жүсіпұлы
E) С.Мырзабеков
52. «Жаңа әрiп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жiктерi» атты кiтаптың
авторы
A) Е.Омаров
B) Қ.Басымұлы
C) Ғ.Бегалиев
D) Т.Шонанов
E) Н.Сауранбаев
53. Шылауы бірге жазылған сөз
A) тыңдағасын
B) айтасың(ба)
C) оқыған(ды)
D) ермек(үшін)
E) дұрыс жауабы жоқ
54. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау
A) ма, ме, ба, бе, па, пе
B) түгіл, тұрсын, тұрмақ
C) ақ, ау, ай
D) мен, бен, пен
E) ды, ді, ты, ті
55. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау
A) туралы, сияқты
B) үшін, секілді
C) да, де, та, те
D) мыс, міс
E) дұрыс жауабы жоқ
56. Соң шылауы кездесетін сөз
A) келіпсің
B) келдің бе
C) келемісің
D) келесің
E) келгесін
57. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз
A) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы
B) Сыртқы Істер Министрлігі
45
C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
D) Ұлттық Банк Қоры
E) Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты
58. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз
A) Сыртқы Істер Министрлігі
B) Қазақстан Халық Қаһарманы
C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
D) Наурыз Мейрамы
E) дұрыс жауабы жоқ
59. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз
A) Алматы Қаласы
B) Ішкі Істер Министрлігі
C) Ғылым Академиясы
D) Президент Әкімшілігі
E) дұрыс жауабы жоқ
60. «Орфография» сөзі қай тілден енген?
A) латын
B) араб
C) орыс
D) грек
E) дұрыс жауабы жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |