Лимфоцит-осылай аталуы олардың тек қана
қанда емес, лимфада да тұрақты
кездесетіне байланысты. Пішіні дөңгелек болып келеді.
Қызметі: Иммундық реакцияларға қатысады. Қызметіне байланысты үш
түрге жіктледі:
В, Т және 0-дік лимфоциттер. Олар бінеше белгілермен ерекшелінеді.
Қандағы мөлшер санымен, бетіндегі рецепторларымен, иммундық
реакция
атқару ролімен, шығу тегімен, өмірінің ұзақтығымен, лимфоидтық
мүшелерде орналасу ретімен.
Моноцит- дөңгелек пішінді болып келетін, плазмолеммасы жасушаны
ынталандыратын хемотаксистік сигналдарды қабылдайтын рецепторлармен
жабдықталған. Ядросы ірі болып келеді. Бірнеше қызмет атқарады:
фагацитоздық,қорғаныш, санитарлық ,регулярлық секілді.
Гранулоцит -цитоплазмасында арнайы түйіршіктері болады. Ядросы
сегменттелген, митоздық бөлінуге және одан әрі дифференциялануға
қаблетсіз.
Тромбоцит- Жасуша
цитоплазмасының ядросыз бөлігі,түссіз,ұсақ. Пішіні
домалақ және сопақша немесе ұршық тәрізді болып келеді.Диаметрі-2-4 мкм.
Қызметі: қан ұюға және серотонин метаболизміне қатысады. Тіршілік
ұзақтығы- 9-10 тәулік
болады
5.Қызметі:
1 - тасымалдау - жасушалар мен ұлпаларға қоректік заттар мен
оттегін жеткізіп, ал олардан зат алмасудан пайда
болған қосылыстарды,
көмір қышқыл газын өкпеге жеткізу.
2 - қорғаныштық қызметі - қанда лейкоциттер әрекетінің арқасында
антитоксиндер, антиденелер пайда болып, олар фагоцитоз қызметін
атқарады.
3 - қан тамырлар арқылы үнемі жүріп тұрғандықтан, ағзадағы пайда
болған
жылуды біркелкі таратады.
Достарыңызбен бөлісу: