1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


) Тін: Тері эпидермисі  2) Бояу әдісі



Pdf көрінісі
бет7/72
Дата08.12.2022
өлшемі8,53 Mb.
#55820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
1) Тін: Тері эпидермисі 
2) Бояу әдісі: Азанмен боялған. х240 
3) Тіндер құрылысы боялуының толық түсінігі: коллаген және ретикулин 
талшықтары көк түске боялған, жасуша ядролары - қызыл түске боялған. 
Бұлшық ет ұлпасы - қызыл-сарғыштың әртүрлі реңктерінде. 
4) Құрылыс ерекшелігі: Эпидермис 5 қабаттан тұрады: - Базальді - 
Тікенекті - Дәнді - Жылтыр - Мүйізделген 1. Базальді қабат (→)- негізгі 
жасушалары - базальді кератиноциттер (бағаналы жасушалар), сонымен 
қатар меланоциттер (пигментті жасушалар), Лангерганс жасушалары, 
Меркель жасушалары, лимфоциттерден тұрады. 2. Тікенекті қабат ( →)- 
тікенекті кератиноциттерден, 10 және одан көп қабаттан тұрады. Жасушалар 
бір-бірімен десмосомалар арқылы байланысқан. 3. Дәнді қабат (төменгі →) 
Дәнді қабат жасушалары 1-2 қатар түзіп, терінің беткейіне параллельді 
орналасады. Цитоплазмасында кератогиалин гранулдары пайда болады. 
Кератогиалин- кератин синтезі кезіндегі аралық зат. 4. Жылтырақ қабат 
(жоғарғы →) жарық микроскоппен қарағанда құрамында жасушалары жоқ 
біркелкі қызғылт жолақ түрінде көрінеді. Жасушаларында мембраналарды 
нығайтып, оны кератинизация кезінде активтенетін лизосомалық 
ферменттердің бұзылуынан сақтайтын кератолинин және тонофиламенттерді 
біріктеретін филагрин ақуызы бар. 5. Мүйізделген қабат. Мүйізді 
қабыршақтардан түзілетін-өлі кератиноциттер, олар интердигитация арқылы 
байланысады. Мүйізделген қабаттың қалыңдығы эпидермистің 
қарқындылығымен байланысты. Сонымен қатар мүйізді қабат көптеген 
заттар үшін жақсы тосқауыл болып табылады. 
5) Функция: қорғаныштық-барьерлі 


6) Организмде орналасуы: тері сыртында 
 
1) Тін: Ретикулофиброзды сүйек тіні 
2) Бояу әдісі: гематоксилин-эозин 
3) Тіндер құрылысы боялуының толық түсінігі: Бояу тәсілі нейтрофильді 
деуге болады, себебі мұнда негіздік бояу да,қышқылдық бояу да 
қолданылады.Гематоксилин-эозинмен бояған кезде цитоплазмасы қызғылт 
түске,ал ядросы күлгін немесе көк түске боялады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет