Кариоплазма- ол ядро аумағындағы биохимиялық процестердің
жиынтығын қамтамасыз етіп, ядро мен цитоплазма арасындағы заттар мен
энергия ағымын бағыттайды. Кейде "ядролық шырын" деп те аталады.
Хроматин- хромосомалардың ДНҚ-ның деконденсацияланған,
деспирализацияланған түрі. Екі түрге бөлінеді: эухроматин және
гетерохроматин.
Кариолемма- ол екі мембранадан тұрады. Оның қызметі: ядро
компартментінің биохимиялық процестерін гиалоплазма метаболизмінен
бөлу және ядродан цитоплазмаға рибосомалардың тасымалдануын реттейді.
Ядрошық- нуклеола деп те аталады. Ядрода бір емес бірнешеу болуы
мүмкін. Ең тығыз құрылым. Ядрошық рибосомалардың түзілуіне және РНҚ
синтезіне жауап береді. Электронды микроскопия кезінде аморфты
компонент, перинуклеолярлы хроматин, гранулярлы компонент,
фибриллярлы компонент ядрошықтан байқалады.
Қызметі: Көбеюге қатысады. ДНҚ-ның сақталуын қамтамасыз етіп, ақуыз
синтезіне қатысады. Тұқым қуалайтын ақпаратты жүзеге асыру, генетикалық
ақпаратты жасушалардың бір ұрпағынан келесі ұрпағына беру қызметтерін
атқарады. Кей жағдайда апоптозды іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: