1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



Pdf көрінісі
бет64/72
Дата08.12.2022
өлшемі8,53 Mb.
#55820
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
Байланысты:
ГИСТОЛОГИЯ ПРЕПАРАТТАР 1 CЕМ толық

 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 Атауы: Адам ұрығының бөлінуі, гаструляциясы және имплантациясы 
Құрылысы: 
1 – бөлшектенуі; 2 – морула; 3 – бластоциста; 4 – бластоциста қуысы; 5 – 
эмбриобласт; 6 – трофобласт; 7 – ұрық түйіні: а – эпибласт, б – гипобласт; 8 - 
ұрықтандыру қабығы; 9- амниотикалық (эктодермальді) көпіршік; 10 – 
экстембрионды мезодерма; 11 – энтодерма; 12 – энтодерма; 13 – 
цитотрофобласт; 14 – симпластотрофобласт; 15 – ұрықтық диск; 16 – лакуна 
аналық қанмен; 17 – хорион; 18 – амниотикалық аяғы; 19 – сарыуызды көпіршік; 
20 – жатырдың шырышты қабаты; 21 – ұрық түтігі 
Анықтама:Гаструлляция- гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы барысында 
бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын 
ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен 
сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс. 
Алғашқыда біртұтас болған ішкі жасушалық масса – эмбриобласт екі қабатқа – 
эпибласт және гипобластқа ажырайды, міне осы процесті деламинация деп 
атайды.
- Эпибласт – ішкі жасушалық массаның трофобластқа жанасқан биік призмалық 
сыртқы жасушалар қабаты. 
 - Гипобласт – эпибласттың астын төсейтін ұсақ куб пішінді жасушалардан 
құралған жұқа қабат. 


 Имплантация - жатырдың кілегейлі қабығына – ендометрийге ұрықтың енуі. 
Адамда өтетін имплантация ұрықтанудан кейінгі 6- 7 тәуліктерде басталып, 9-10 
тәуліктерге дейін жалғасады. Ұрықтың имплантациясы жиірек жатырдың 
жоғарғы бөлігінің алдыңғы немесе артқы қабырғасына өтеді. 
Адам ұрығының имплантациясы. Дамудың екінші аптасы бойы имплантация 
процесі жалғасып, аяқталады; трофобласт екі қабатқа ажырайды; гаструляция 
процесі басталып, ішкі жасушалық масса (эмбриобласт) екі қабатқа – эпибласт 
және гипобластқа бөлінеді. Сонымен бірге, ұрықтан тыс құрылымдар – амнион 
қуысы, сарыуыз қапшығы, хорион және дәнекертінді аяқша қалыптасады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет