Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
2.3 Әбілғазының «Түрік шежіресі» шығармасы және қазақ тарихының философиясы Тарих – философиядағы негізгі категориялардың бірінен сана-
латын «уақыт» ұғымымен байланысты феномен. Ал бұл ұғымның
сонау Аристотельден бастап Эйнштейнге дейінгі жаратылыс-
танымдық және философиялық ой тарихында бірнеше тұжырым-
дамаларының болғанын және оның бүгінге дейін нақты дәлел-
денген теориясы жоқ екенін айта кету керек. Дегенмен, осы шақ
тұрғысынан алғандағы өткеннің бәрінің тарих екендігі белгілі.
Адамға, ол саналы мақұлық болғандықтан, өзінің осы шағын дұрыс
өткізіп, болашағын бағдарлау мақсатында өткен шағын пайымдау
үшін жады, ес берілген. Адам белгілі бір әлеуметтік, мәдени ортада
өмір сүретіндіктен оның тарихи санасы қандай да бір құндылықтық
бағдармен ерекшеленеді. Немесе, диалектикалық материализмнің
тілімен айтқанда, өз заңдылықтарымен ағатын объективті тарихпен
қатар, осы объективті нақтылықтың идеалды үлгісі ретінде адам
санасында өмір сүретін субъективті тарих та бар. Сондықтан адамзат
дамуының әрбір қоғамдық дәуірінде, әрбір өркениет типтерінде
тарихқа деген философиялық көзқарас әрқилы болып келеді.
Бірнеше ғасыр отаршылдық пен тоталитаризмді бастан өткізгеннен
соң, саяси тәуелсіздігіне енді ғана қол жеткізген қазақстандық қоғам
үшін ұлттық тарихи өзіндік сананы түлету бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің біріне айналғаны соның дәлелі іспетті.
Мәңгүрттік жағдайдан арылып, тарихи әділеттілікті қалпына
келтірумен сипатталатын бұл көкейтестілік отандық тарих ғылымына
ғана емес, философияға да зор міндеттер жүктейді. Кез-келген
қоғамдық ғылымдардың өзінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы
болатындықтан, олардың іргетасын құрайтын тарих ғылымы, басым
көпшілігінде, бұрмалаушылықтан, үрдісшілдіктен, апологетикадан
тазарып, объективті айғақтар мен хронологияға сүйенсе, оған
дүниетанымдық нәр беретін философия ғылымы болып табылады.
Нақты тарихи айғақтар мен ғылыми мәліметтерге негізделе отырып,
тарихи үдерістердің даму қисыны мен заңдылықтарын тарих
философиясы зерттейді. Зерттеу тақырыбы мейлінше күрделі осы
мәселемен айналысатын бұл ғылым саласының батыстық ғылыммен
салыстырғанда, кешегі кеңестік жүйенің де, біздің республикамыздың
да қоғамдық ғылымдары кенжелеп қалғаны рас.
Тарих философиясы тақырыбына қалам тартқан отандық
некен-саяқ ғалымдардың бірі, профессор Досмұхаммед Кішібеков
аталмыш мәселенің күрделілігін былайша сипаттайды: «...Мәселе