Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет131/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Ал, осы кездегі игілікті тарихи бет бұрысты Оғызханның дүниеге 
келуімен, оның ел билігін қолына алып, халықты мұсылмандыққа 
шақырып, имандылыққа келтірумен байланыстырады. Көнеден 
келе жатқан хикаяларда ел билігі Алла тағала тарапынан ерекше 
білім – уахи алған пайғамбарларға немесе илһам алған әулиелерге 
тән. Осы ерекше қасиет иесі болған ел басқарушы болсын, атақты 
Қорқыт ата сияқты рухани ұстаздар, аты аңызға айналған батырлар 
болсын, олардың дүниеге келер шағында, олардың рухани күш 
қуатын әйгілейтіндей ерекше белгілер, ерекше табиғи құбылыс 
болады. Олар бұл дүниеге өздерінің атқарар миссиясының жүгін ала 
келгендей, бүкіл жер жүзі, табиғат, ғалам оны дүр сілкіне толғана 
қарсы алғандай белгілері сипатталады. Алай-түлей боран соғады
нөсер жауады, күн қорғаланады, жер сілкінеді т. б. сол сияқты табиғат 
құбылыстары көрініс береді. Адамзаттың тарихындағы рухани 
құбылыстардың басты себебі де, мән-мағынасы да иман екендігіне 
көзіміз жете түседі. «Шежіре-и түрік» Хандық дәуір қарсаңындағы 
ел тарихы жайлы аңыздардың қаймағын қалқып пайдаланғандығын 
ескерсек түрік халқының тарихының өзі, оның мұсылмандығымен 
байланысты баяндалады. Оғыз ханның дүниеге келуінің өзі қалып-
тан тыс болды, Әбілғазы түрік шежіресінде былай баяндайды: 
«Қарахан үлкен әйелінен ай десе аузы, күн десе көзі бар бір ұл көрді. 
Ол үш тәулік анасын ембеді. Түнде анасының түсіне кіріп: «Айана! 
Мұсылман бол, егер мұсылман болмасаң, өлсем де сенің емшегіңді 
ембеспін» деуші еді. Анасы баласын аяп Тәңірінің бірлігіне иман 
келтірді. Ұлы анасының емшегін емді, бірақ анасы көрген түсін, 
өзінің мұсылман болғанын ешкімге айтпады».
Түрік халқы Иафестен Алыншы хан заманына дейін мұсылман еді. 
Алыншы хан болғаннан кейін мал мен басы көбейіп, халық байлыққа 
мас болып, Тәңіріні ұмытты, діннен ажырады. Қарахан заманында 
мүлдем кәпір болды. Егер атасының мұсылман болғанын естісе, оны 
ұлы, егер ұлының мұсылман болғанын естісе, атасы өлтірер еді». 
Бұл үзіндідегі мұсылман сөзінің мағынасы Мұхамбет пайғамбардың 
үмбеті дегеннен гөрі кең – иманды адам деген сөзбен мағыналас. 
Құдайдың барлығын, бірлігін мойындаған адамдарды да хақиқат білім 
әкелген бүкіл пайғамбарларды да мұсылман деп біледі. Шежіреге 
негіз болған аңыздар, Мұхаммет с.ғ.с. заманына дейінгі түрік халқы-
ның тарихымен байланысты болғандықтан да Құдайды бар және бір 
деп білу, имандылықтың негізгі шарты ретінде о бастан бар. (Біздің 
мұсылман шежіресінде осы Әбілғазы сөзінен анықтысы болмаса 
керек, себебі Әбілғазы хан он жеті шежіре кітабын салыстырып әбден 
анықты дегенін алып жазған», – дейді Шәкәрім Құдайбердіұлы.


134 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет