Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мен ойлау процесіндегі басты тұлға ақиқатқа ұмтылған субъектінің
өзі екені мойындалады. Адамның ойлау процесі барысында аксиома
түрінде жаңа артықшылықтар мен басымдықтарды анықтауға
рухани қабілеттілігінің маңыздылығы олардың түпкілікті білімге
қол жеткізуінде емес, оның жетілуге және өздігінен жетілуге
қабілеттілігінде жатыр.
Жыраулардың дүниетанымында адамгершілік – бұл әлеуметтік
өмір аясында субъект іс-әрекеттерінің тек жеке бір түрін ғана
бейнелейтін категория болып табылады. Олардың айтқан пікір-
леріне, образдары мен идеяларына қарағанда, субъект жанының
интуицияның нұрлану сәтінде қызмет етуіне мүмкіндік туғызатын,
адамның оның барлық әлеуметтік байқалуларында, өз өмірінде
қадір-құрметке лайықтылығын анықтайтын ең басты, белсенді
жағдайларының бірі болып табылады. Олар үшін ең бастысы –
адамгершілігі мол адамның есейе келе жеке тұлға, эзотериялық
бірліктің субъектісі ретінде бұрынғыдан да гөрі қадір-құрмет көруге
лайық бола түсетіндігі. Бұндай жағдайда ол әлеуметтік өмірде де
үйлесімге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Адамның теріс пиғылдары бұған кедергі жасайды. Олар субъект
бойында жалпыға ортақтықтың бұрмаланған, жалған бейнесі
көрінуіне себепші болады. Бұл ондағы жалпыға ортақ қарым-
қатынастар әлемнің эзотериялық бірлігінің үйлесімі принципіне
қарама-қайшы келетін ішінара өзімшілдікпен алмастырылуына
байланысты болады.
Біздің теориялық талдауымыз барысында оңай аңғарылатындай,
қазақ ойшылдарының ойлау тәсілі жан-жақты еріктік бастамаға
негізделген. Олардың түсінігі бойынша ерік – әлдеқандай жалпыға
ортақтық, өйткені ерік субъективтік, сонымен бірге объективтік. Тәңір
– аспан ретінде аспанның ерік немесе құдай, сондай-ақ қоғамдық: хан
әулетінің, халықтың, әлеуметтік топтардың және т.с.с. еркі, сипаты
болады. Олардың туындыларында ерік образдар мен кейіпкерлердің
сипаты, қуаты және бірлігі, идеялық-көркемдік, танымдық және
дүниетанымдық мазмұн мен кеңістіктің бүтіндігі, этикалық және
рухани контекстер оған тәуелді болып тұратын басым фон ретінде
көрсетілген.
Бұл тұста жыраулардың ойлауы ұғымдардың, образдардың,
символдардың және жеке түсініктердің синкретизміне сүйенеді.
Олардың барлығы жиынтықталған күйде айрықша бірлікті немесе
бүтіндік түрлерінің жүйесін құрайды. Сондықтан олар интуициямен
және ойлаумен байланысты және мұнда бүтіндіктің дүниетаным
аясындағы парадигмасы болып табылады.