Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет170/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
түйсіну талап етіледі. Өздерінің идеялары мен шығармашылығы 
арқылы жыраулар Алланың ерекше нұрына бөленген тұлғалардан 
өзгелерге беймәлім осынау тылсым мәнділікті мүмкіндігінше жалпы 
жұртшылық түсіне алатындай етуге ұмтылды. 
Жалпылама сипаттама бергенде, қазақ ойшылдарының тылсым 
сырлы білімі мынаны білдіреді: кез келген танымның, ақиқатты іздеу-
дің, іс-әрекеттің, мінез-құлық пен қылықтардың негізінде жалпыға 
ортақ қарым-қатынас жатады, атап айтқанда, субъектінің бойында 
әлемнің күнделікті және эзотериялық бірлігі, яғни жалпыға ортақ-
тық болады; оның игі мақсаты бұл бірлік пен өзін-өзі жетілдіруге 
аялы қарым-қатынас және мүмкіндігінше талпыну болып табылады.
Сондықтан:
- сенің өзіңдегі және өзгелердегі жалпыға ортақтықты үнемі 
басшылыққа алу;
- жетілушілік және жалпыға ортақ заңдылық ретінде интуиция-
ны жетілдіру;
- кез келген артықшылықтың негізі мақсаты қайырымдылық 
болсын деп іс қимыл жаса;
- қоршаған ортамен бірлігіңді негізге ала жақсылықтың жаман-
дықтан, интуицияның (бүтіннің) бөлшектен басымдығын сақтай 
отырып іс-әрекет жаса;
- кез келген даралықтан жалпыға ортақтықтың, ақиқаттың 
өлшемін ізде, соған сәйкес іс-әрекет жаса;
- жетілу сен үшін де, барлығы үшін де, кездейсоқ жағдайларда 
да, кез-келген қарым-қатынаста да көрінетін, байқалатын етіп іс-
әрекет жаса;
- моральдық сананың мақсаттары – даналық, ақиқат, адамның 
қадір-құрметке лайықтылығы және қоғамның ізгілікті ілгері 
басушылығы;
- парасатты жауынгердің мақсаты – жамандықты жазалаудың 
негізі ретінде, өсиет үшін, ру мен барлық халықтың бірлігі үшін және 
Отан үшін жалпыға ортақтыққа қосылу;
- сенің тағдырың – жалпыға ортақтықтар сапындағы сен жасаған 
таңдаудың тек себебі ғана емес, сондай-ақ салдары да.
ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ жырауларының әлемді тану жөніндегі ұста-
нымдарында танымның жолдары мен білімнің ақиқаттығының 
маңызды принциптері анықталған. Білімнің ақиқаттығы зерттелетін 
заттың, кеңістіктің, уақыттың, мекеннің бірлігіне және ол байланысты 
болатын бір ғана қарым-қатынасқа ғана емес, сондай-ақ осы құрамдас 
бөліктердің субъективтік қабылдаудағы сапалық бірлігіне де тәуелді. 
Олардың барлығы бір мезгілде тек бір ғана интуициялық нұрлану 


 
173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет