ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі кетеді, сонсоң Қабул қаласындағы Бабырды паналап, оның сарайын-
да біршама уақыт болады. Бабырмен бірге Орта Азияға жасаған
жорыққа шығып, Хамза-сұлтанмен болған соғысқа қатысады. 1512
жылдың қыркүйек айынан бастап Әндіжандағы Сұлтан Сейіт-ханға
қосылып, ұзақ уақыт бойы соның қасында болады. Сұлтан Сейіт-
ханмен және оның шағын әскерімен бірге өз отаны Қашқарияға
жорыққа шығып, Әбу Бәкір дулатты тас-талқан етіп жеңіп, онда
Моғолия деген атпен жаңа мемлекеттің, жаңа әулеттің негізін салады.
Сұлтан Сейіт-ханның мемлекетінде М.Х. Дулати ірі әрі маңызды
мемлекеттік және әскери лауазымдарды иеленеді. Сұлтан Сейіт-
ханның баласы, тақтың мұрагері, бірақ ол кездері әлі сұлтан Әбд-әр-
Рәшид-ханның тәрбиешісі болды.
Мырза Мұхаммед Хайдар 1533 жылы Сұлтан Сейіт-ханмен бірге
Тибет жорығына қатысты. Сол жорықта хан қайтыс болғаннан кейін
Әбд-әр-Рәшид-хан Мырза Мұхаммед Хайдардың туыстарын қуда-
лай бастады. Ойшыл-тарихшының немере ағасы, дулат билеушілері
әулетінің үлкені Сейіт Мұхаммед-мырза өлтірілді.
Немере ағасының өлтірілуінен кейін Мырза Мұхаммед Хайдар
дулаттың Жәркендке келуі неғайбыл болып қалды да, ол Бадахшан
мен оның төңірегіндегі таулы аймақтарда ұзақ уақыт бойы кезіп,
ақырында Үндістандағы Камран-мырзаға кетеді.
Дулатидің немере ағасының өлтірілу себебі туралы мәлімет-
тер қайшылықты: жазушының айтуынша, мұның төркінін оның
тәрбиеленушісінің билікқұмарлығынан да, кейінірек ірі лауазым-
дарға ие болған кейбір әмірлердің қитұрқы қимылдарынан іздеу
керек сияқты. Дегенмен, Әбд-әр-Рәшид-ханның бұл репрессиясын
Сұлтан Сейіт-ханның қайтыс болуынан кейін Дулат әулетінің
үлкенінің (Сейіт Мұхаммед-мырзаның) Жәркендке шұғыл жетуін осы
өлкедегі дулаттардың бұрынғы билігін қайта келтіру ұмтылысымен
байланыстыруға да болатын секілді. «Тарих-и Рашидиде» оның
авторының өз шәкіртіне өкініш пен кінәға толы төрт қатар шумақ
болғанымен, өз шығармасының атауын Әбд-әр-Рәшид-ханға бағыш-
талғанына қарағанда Мырза Мұхаммед Хайдар ханның алдында
ақталуға тырысқанға ұқсайды. Бұл шығарманың «Рәшидтің тарихы»
аталу себебін автор өзі былайша түсіндіреді: «...Кітаптың «Тарих-и
Рашиди» аталуының мынадай үш түрлі себебі бар. Оның біріншісі,
Тоғлық Темір хан ислам дінін мәуләна Аршададдиннің ықпалымен
қабылдады. Біз бұған кейінірек тоқталамыз. Екінші бір себебі Тоғлық
Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған
еді. Алайда, осы хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен
дұрыс жол таба алмады. Ал құдіретті де мәртебелі Тоғлық Темір хан