С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух


  Кескін-гиперсілтемелер



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Веб дизайн

3.3. 
Кескін-гиперсілтемелер 
Мәтіннен басқа гиперсілтеме етіп графикалық кескінді де жасауға болады. Мұндай 
кескін-гиперсілтемелер веб-парақшаларда жиі кездеседі. Сілтемені құру үшін керекті 
кескінді белгілеп, қасиеттер редакторының Link енгізу жолағына керекті адресті енгізу 
керек. Автор туралы мәліметі бар парақшаға тағы бір кескін орналастырыңыз да, оны 
пошталық гиперсілтемеге айналдырыңыз.Кескін электронды пошталар символы ретінде 
жиі пайдаланылатын @ белгісі болады. Оны графикалық редакторда құрыңыз немесе 
дайынын табыңыз. Бұл кескін бар файлды Email.gifдеп атаңыз. Одан кейін курсорды«E-
mail: ivanov@somemail.ru» 
жол басына қойыңыз да, «E-mail» символдарын өшіріңіз және 
нысандар панелінде Commonқосымша парақшада Imageбатырмасын басыңыз.Сіздің @ 
белгіңіз сақталған файлды таңдаңыз да, ОК нүктесін басыңыз. Орналастырылған 
кескіннің өлшемін мәтін шрифт өлшемінен ерекшеленбейтінін тексеріп, ол үшін Absolute 
Middle 
тегістеуін орнатыңыз. 


3.4 
Белсенді бейнелер
Енді бұл белгіні пошталық гиперсілтемеге аналдырыңыз. Ол үшін оны белгілеңіз, 
қасиеттер редаторының Linkенгізу жолағында mailto:ivanov@somemail.ru пошталық 
адресті теріңіз де, [Enter] пернесін басыңыз. Сырттай кескін-гиперсілтеме әдеттегі 
бейнеден еш ерекшеленбейді. Алайда егер сіз веб-парақшаны алдын ала қарау үшін веб-
шолушыны пайдаланатын болсаңыз, тінтуір курсорын осы кескін апарғанда ол өзінің 
формасын бағыттауышқа өзгертеді, ал курсорды басқанда бұл кескінде пошталық клиент 
ашылады.
Егер кескін-гиперсілтеменің Borderпараметрінің нөлден басқа мәні болса, онда 
кескін айналасындағы жиектеменің түсі осы парақшаның жалпы қасиеттерінде 
гиперсілтемелер үшін қойылған түстей болады. Біздің жағдайымызда мұндай жиектеме 
көрінбейтін үшін ақшыл-көк, көрінетін үшін қара көк және белсенді гиперсілтемелер 
үшін қанық қызыл түсті болады. Мұндай эффектіні веб-парақшаның дизайнын ерекше 
ету үшін арнайы қолдануға болады. 
Кескін-гиперсілтеме қарапайым веб-парақшаны көрсетуі де мүмкін.
Гиперсілтеме бейнесін енгізу үшін пайдаланылатын HTML-кодының түрі мынадай 
болады: 
<А НКЕЕ=”<Интернет-мекенжай>”><1МО 8КС=”<кескін файлының 
мекенжайы>”>


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет