С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Веб дизайн

Кескін-карталар 
Кескін-гиперсілтеме 
– 
веб-дизайнда 
қолданылатын 
графикалық 
гиперсілтемелердің қарапайым формасы

Ең күрделісі белсенді кескін және кескін-карта,
бөліктерге бөлінген және әр бөлігі гиперсілтеме болып, өзінің интернет-мекенжайын 
көрсететін бейнеден тұратын күрделі графикалық гиперсілтеме болып табылады.
Жеке 
гиперсілтеме болатын мұндай бөліктер «ыстық» аймақ деп аталады.
Кескін-карталарды құру үшін кез келген графикалық редакторда құрылған 
қарапайым графикалық кескіндер пайдаланылады. «ыстық» аймақтар мен орналасқан 
орны, формасы, өлшемі және олар көрсететін интернет-адрестер туралы ақпарат 
парақшаның HTML-кодында сақталады. 
Dreamweaver 
кескін-карталарды өте оңай құруға мүмкіндік береді. Қажетті 
«ыстық» аймақтар бейне үстіне салынады да, кейін олар көрсетілетін интернет-адресті 
енгізу ғана қалады.
Бейнеге «ыстық» аймақты салуға қасиеттер редакторының сол жақ төменінде 
орналасқан бірнеше басқару элементтері көмектеседі, оларды біз әлі қарастырмадық (3.7-
сурет). Ең алдымен қасиеттер редакторы терезесінің төменгі шегін бойлай орналасқан 
төрт нүктені қарастырыңыз. Олар екі тең емес топқа бөлінген. Оң жаққа қарай 
орналасқан үш нүктеден тұратын топ кескінге сәйкесінше тікбұрышты, шеңбер және 
көпбұрышты «ыстық» аймақты салуға мүмкіндік береді. Сол жаққа қарай орналасқан 
жалғыз нүкте салынған «ыстық» аймақтарды басқаруға мүмкіндік береді. 
Тікбұрышты «ыстық» саланы құру үшін тікбұрыштың суреті бар нүктені тінтуір 


3.5 
кескін-карталар
41
пернесімен шерту керек, содан кейін графикалық кескінні шерту керек, және «ыстық» 
аймақ еткіңіз келетін бейне аймағын батырмамен басу керек.Таңдалған аймақ ашық көк 
түспен боялады. 
Одан кейін DreamweaverMap енгізу жолағында «Map» жолын қояды. Бұл 
гиперсілтеме кескінінің ерекше атауы веб-шолушымен пайдаланылатын болады. Егер сіз 
өз парақшаңызда тек бір карта-бейнені жоспарласаңыз, бұл атты әідепкі қалпында 
қалдыра аласыз, болмаса оған ерекше ат, мәселен «Мар1» атын беріңіз. Бұл аттарда тек 
латын әріптері, сандар мен сызу белгілері рұқсат етіледі, сондай-ақ ат әріптен басталуы 
керек.
Қасиеттер редакторының түрі өзгереді. Енді сіз параметрлерді жаңа ғана құрылған 
«ыстық» аймаққа бере аласыз. Осы «ыстық» аймақты құрайтын тікбұрыштың бұрыштары 
бойынша шағын көк төртбұрыштар – өлшемді өзгерту маркерлері орналасқан. Мұндай 
кез келген маркерді тінтуірмен «ұстап алып», «ыстық» аймақтың өлшемін өзгерте аласыз. 
Ал оны басқа орынға ауыстыру үшін жай ғана тінтуірмен тартыңыз. Алайда осы 
операциялардың алдында 3.7-суретте көрсетілген нүктелердің ішінде бағытауыш 
бейнеленгені басылып тұрғанына көз жеткізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет