1.2.
Dreamweaver программасының негізгі артықшылықтары
Олардың бірдейлігі мен орналасу ықшамдылығы сайтыңызды қарауды оңайлатады.
Пайдаланушы сайттың басқа бөліміне көшу үшін батырманы басу жеткілікті.
Пайдаланушы бастапқы парақшаға қайта алатындай батырма міндетті түрде болуы
керек.
Сайтыңызға келушілердің бірқатарында браузерде графиканы қарау сөніп тұруына
дайын болыңыз. Навигацияның графикалық батырмалармен
қатар олардың мәтіндік
нұсқасы болуы өте пайдалы. Сонда пайдаланушы сіздің сайтыңызды қарау үшін өзіне
ыңғайлы нұсқаны таңдай алады.
1.2.
Dreamweaver программасының негізгі мүмкіндіктері
Визуальды редакторлар —
HTML-мен жақсы таныс емес, бастаушы веб-
дизайнерлер үшін үздік старттық алаң. Алайда тәжірибелі дизайнерлер де веб-парақшаны
тезірек жобалап, кейіннен қолмен жетілдіру үшін
визуальды редакторларды жиі
қолданады. Мұндай пайдаланушылар үшін арнайы гибридті редакторлар бар. Олар
алынған HTML-кодқа қолжетімділік ұсынып, визуальды
редакторлаудың қуатты
құралына иеленеді. Мұндай редакторларға
Macromedia Dreamweaver жатады
.
Dreamweaver программасын іске қосқан кезде
Dreamweaver MX жұмысшы
ортасының түрін таңдауды ұсынатын
Workspace Setup шағын диалогтік терезесі шығады
(1.1-
сурет).
Бұл терезеде екі ауыстырып-қосқыш және бір жалауша бар. Сондай-ақ сіз жұмыс
ортасының қандай түсін таңдай алатыныңызды көрнекі түрде көрсететін екі шағын
бейнені көре аласыз.
Dreamweaver MX Workspace
ажыратып-қосқышы
Dreamweaver MX(«стиль MX»)
жұмысшы ортасының «жаңа» түрін таңдайды. Бұл жағдайда сізге қажетті құралдардың
бәрі бір үлкен терезеде болады. Сізге нақты осы ажыратып-қосқышты қосуды ұсынамыз
(әдетте сол қосулы болады).