С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух


  веб-сайттар құруға арналған программалық қамсыздандырулар



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Веб дизайн

6 
веб-сайттар құруға арналған программалық қамсыздандырулар 
1.1-
сурет. 
Workspace Setup диалогтік терезесі 
 1.2-
сурет. 
Dreamweaverбасты терезесі 
Тарау



1.2. 
Dreamweaver программасының негізгі артықшылықтары
Dreamweaver 4 Workspace 
ажыратып-қосқышы Dreamweaver1-ден 4-ке дейінгі 
(«ескі стиль») ескі нұсқасында пайдаланатын жұмысшы ортасының «ескі» түрін 
таңдайды.Бұл жағдайда сіздің алдыңызда екі терезе ашылады: құжат терезесі және сайт 
терезесі, солардың арасында сізге ажыратып-қосылып отыруға тура келеді. Бұл аса 
ыңғайлы емес. Сондықтан егер Dreamweaver MX-қа ескі нұсқасынан ауыссаңыз және 
оның жаңа ортасына әлі үйренбеген болсаңыз ғана пайдаланғаныңыз дұрыс. 
HomeSite/Coder-Style 
жалаушасы Dreamweaver MX Workspace ажыратып-
қосқышын таңдағанда ғана қол жетімді. Ол кезекті веб-парақшасын ашқан соң 
Dreamweaver-
ді бірден HTML-код редакторлау режиміне қосылуға мәжбүрлейді. Бұл 
HTML 
кодын қолмен теруге дағдыланбағандарға қажет болуы мүмкін. Егер сіз HTML-
мен таныс болмасаңыз, бұл жалаушаны қоспағаныңыз абзал.
Dreamweaver 
жұмысшы ортасының қажетті түрін таңдап, ОК нүктесін басыңыз. 
Шамалы уақыттан соң сіз не басты терезені, не құжаттар терезесін көресіз, ол – сіз 
Workspace Setup 
терезесінде қандай ажыратып-қосқышты Dreamweaver MX Workspaceне 
Dreamweaver 4 Workspace 
таңдағаныңызға байланысты. 
Macromedia Dreamweaver MX программасының негізгі терезесі 1.2-суретте 
көрсетілген. Оны жан-жақты қарастырамыз.
Dreamweaver — 
көпқұжаттық интерфесті программа немесе жай ғана көпқұжаттық 
программа. Бұл дегеніміз сіз программаның бір терезесінде бірден бірнеше құжатты 
аша аласыз деген сөз. 
Бұл жағдайда ашық құжаттан тұратын терезелер программаның үлкен терезесінің 
ішінде ашылады. Көпқұжаттық қосымшаға Microsoft Wordжәне Adobe Photoshop та 
кіреді.
Оларға қарағанда бірқұжаттық интерфейсті программалар (бірқұжаттық 
программалар) тек бір құжатты ғана аша алады; екінші құжатты ашу үшін программаның 
екінші көшірмесін ашу керек. Бірқұжаттық қосымша мысалы болып Windows құрамында 
болатын Microsoft WordPad мәтіндік редакторы мен Microsoft Paint графикалық 
редакторы да табылады. 
Dreamweaver 
құжат терезесі ашық веб-парақшаны көрсетуге қызмет етеді, 
Dreamweaver 
басты терезеде құжат терезесінің нешеуі керек болса соны аша алады. Сіз 
бұл терезелерді ашып, ауыстырып, төменге жинап, қайта ашып, өлшемдерін де өзгерте 
аласыз. Жалғыз айырмашылығы: сіз бұл терезелердің бірін де программаның басты 
терезесінің (түп терезесінің)сыртына ауыстыра алмайсыз. 
Dreamweaver MX 
алғашқы қосқан кезде экранға тағы бір шағын терезе – шақыру-
терезесі шығады. Бұл терезе жарнамалық сипаттағы мәтіннен тұрады, пайдаланушыға 
Dreamweaver 
қалай жұмыс істейтінін түсіндіретін кейбір анықтамалық деректерді оқуды 
немесе интерактивті презентацияны іске қосуды ұсынады. Сіз оларды қарай аласыз 
немесе жабу батырмасын басу арқылы бірден бұл терезені жаба аласыз. 


1.2. 
Dreamweaver программасының негізгі артықшылықтары
Панельдер — басты терезенің бір шетіне «жабыстырылатын», сонымен қатар 
еркін «жүзетін» шағын терезелер.
Одан кейін ашқан кезде шақыру-терезесі шықпайтын болады. 
Құжат терезесінің жоғарысында, төменінде және оң жағында панель орналасады.
Әр панельдің жоғарғы жағында оның атауы – қоңыр-сұр жолақ болады, онда 
панель атауы жазылған. 
Бастапқыда экранда бар барлық панельдер программаның басты (түп) терезесінің 
қандай да бір шетіне "жабыстырылады". Қандай да бір панельді түп терезенің шетінен 
бөліп алып, жеке терезеге (еркін «жүзетін» панель деп аталатын) айналдыру мүмкіндігі 
бар. Ол үшін әр панельді ауыстыруға арналған, панель атауының сол жағында 
орналасқан бес қара нүктеден тұратын «қолы» болады. Панель құжатты көлегейлемес 
үшін кез келген уақытта оны басты терезенің шетіне қайта жабыстыра аласыз. 
Панель басты терезенің шетінен экранның кез келген жеріне, тіпті программаның 
басты терезесінің сыртына да көше алады. Мұндай панельді оның «қолынан» алып та, 
терезесінің атауынан тартып та көшіруге болады. Сонымен бірге, панель терезелерінің 
өлшемін (біразының, бірақ бәрінің емес) өзгерте аласыз. 
Егер сіз бір панельді екіншісіне тартып әкелсеңіз, бұл панельдер панельдердің 
ортақ тобына біріктіріліп, бір терезені алатын болады (1.3-сурет). Мұндай топтарды да 
программаның басты терезесінің шетіне «жабыстыруға» болады. Ұқсас функцияны 
орындайтын панельдерді бір топқа біріктіру ұсынылады. 
Топтағы барлық панельдер қосымша парақша түрінде ұсынылған. Топтағы керекті 
панельге көшу үшін тінтуірді осы панельдің атауы жазылған қосымша парақшаға 
апарып, батырмасын басыңыз. Егер сіз осындай топтан қандай да бір панельді алып 
шыққыңыз келсе, сәйкес қосымша парақшада тінтуірдің оң жақ батырмасын басып
Group <панель атауы> withтармағын таңдап, экранда пайда болған кіші мәзірде New 
Panel Group 
тармағын басыңыз. 
Еркін «жүзетін» панельдің алып жатқан ауданын кішірейту үшін сіз оны «сығып», 
экранда тек тақырыбын қалдыра аласыз. Ол үшін панельдің атауында тұрған оның 
тақырыбын тінтуірдің батырмасымен басыңыз. Панельді қалыпты күйіне дейін «ашу» 
үшін оның атауын қайта басыңыз. 
Панельдің көп тобының қосымша мәзірі болады.Ол панельдің жоғарғы оң жақ 
бұрышында орналасқан және үш позициялы тізімді бейнесі бар және төменге қараған 
бағыттауыш бейнеленген шағын нүктені тінтуір батырмасымен басқанда ашылады. (1.4-
сурет). Қосымша мәзірде сирек пайдаланылатын командаларды орындайтын тармақтар 
орналасады. Оның ішінде, сіз өзіңізге таныс Group <панель атауы> with кіші мәзірін 
содан таба аласыз. 
Басты терезенің оң жағына назар аударыңыз. Онда түрлі панельдер бар. Бұл оған 
панельдерді орналастыруға арналған арнайы док-аймақ.


1.2. 
Dreamweaver программасының негізгі артықшылықтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет