«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет135/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   196
Байланысты:
edu kk

Формула-
дағы
көрсеткіш
Сипаттамасы
P
сатып алушыға тауарды сатудағы нақты бағасы өнімді сатудың орташа бағасы 
бола алады (тауарлар тобына залалсыздық нүктесі есептеліп жатқан жағдайда) 
X
сатудың залалсыздық шегіне жету үшін өндірілуі тиіс өнім бірліктерінің саны; 
өзгеше айтқанда, бұл заттай көріністегі өндіріс көлемі (дана, литр, кг және т.б.) 
FC
тұрақты шығыстар – компанияның тауардың қандай көлемін өндіргенге қара-
мастан көтеретін шығыстары, мұндай шығыстар өндіріс көлемі өзгерген кезде 
өзгермейді; бұл компанияның қандай жағдайда да көтеретін шығыстары (тіпті 
сатудың нөлдік көлемінде); оларға қызметкерге жұмсалатын шығыстар (еңбе-
кақы бөлігі), орынжайларды жалға алу және компанияның кез келген ұйымда-
стырушылық шығыстары; жобаның дамуына болжанып отырған жарнамалық 
бюджет, сақтандыру, салықтар және т.б. жатады. 
VC(X)
ауыспалы шығыстар – компанияның тауардың 1 бірлігін өндіру үшін көтеруге 
қажетті шығыстары. Ауыспалы шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты 
және сату көлемі өзгерген кезде өзгереді; бұл шикізатқа және өнімнің қапта-
масына жұмсалған шығыстар, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарға (электр 
қуаты) қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар, тауарды сатып алуға (дүкендер 
үшін) жұмсалатын шығыстар, көлік шығыстары, келісімді жалақы және сатудан 
түскен %, жұмыскерлерге сыйақылар, сатуды ынталандыру бойынша акциялар 
және т.б. бола алады. 


170
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Сатудың табыстылығын есептеу:
Жалпы пайда бойынша сатудың табыстылығы = Жалпы пайда / Түсім.
Есептеудің бірінші нұсқасы: сатудың шығыстары мен көлемін білеміз.
Көрсетілген формула негізінде компания шығыстардың және сатудың жоспар-
лы көлемінің қазіргі деңгейінде нөлдік пайдаға шыға алатын бағаны есептей 
аласыз. Осындай жағдайда сіз жобаның залалсыздық нүктесіне жетуді қамтитын 
бағаның ең төменгі шегін анықтайсыз. Осы тәсілмен залалсыздық нүктесін есептеу 
үшін компанияңыздың тұрақты шығыстарын, өндіруге жоспарлап отырған өнімнің 
1 бірлігін өндірудің (ауыспалы) өзіндік құны мен сату көлемін білуіңіз қажет. За-
лалсыздық нүктесін табу үшін бағаның шектік мәнін сіз келесі формула арқылы 
анықтай аласыз: 
P = (FC+VC (X)) / Х, онда VC (x) – өнімнің 1 бірлігінің өзіндік құнының және сату-
дың мақсатты көлемінің көбейтіндісі. 
Бірінші тәсіл бойынша залалсыздық нүктесін қалай есептеуге болатынына мы-
сал келтірейік: өзіндік құны 25 теңгені тұратын өнімді әзірледік те, нарықты зерт-
теу барысында оған 95 теңге тұратын жағдайда айына 200 данаға сұраныс бола-
тынын анықтадық. Дәл осы баға біздің мақсатты аудиториямызға тартымды, бірақ 
біз осындай сатудан табыс ала алатынымызға көз жеткізуіміз керек. Бізге тұрақты 
шығыстар 6500 теңгені құрайтынын біле тұра, жобаның залалсыздық нүктесінде 
бағаны есептеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет