«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ДЕКЛАРАЦИЯ (ОД)



Pdf көрінісі
бет143/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   196
Байланысты:
edu kk

2. ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ДЕКЛАРАЦИЯ (ОД)
ОД негізіндегі АСР-ды қолдануды бастау күні жаңадан құрылған ЖК үшін салық 
органдарында ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу күні болып табылады. 
Салықтарды ОД бойынша есептеуді ЖК салық салу объектiсiне, яғни кіріске, 
салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес 
жүргiзеді.
ОД-ның патенттен айырмашылығы салықтарды төлеу патент алғанға дейін 
емес, салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізу 
болып табылады. 
Салықтық кезең жартыжылдық болып табылады, салықтық есептіліктің 910.00 
нысаны екі мерзімде: бірінші жартыжылдыққа ағымдағы жылдың 15 тамызынан 
кешіктірмей және екінші жартыжылдыққа келесі жылдың 15 ақпанынан кешіктір-
мей ұсынылады, ЖТС пен әлеуметтік салық тиісінше ағымдағы жылдың 25 тамы-
зынан және келесі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленеді. 
Бұл ретте ЖТС есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық 
әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі есептелген салық сомасының 1/2 
мөлшерiнде төленуі қажет.
Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кез-
де ЖК үшін әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
Мысалы, азамат Исаев халық тұтынатын тауарларды көтерме саудада өткізу-
мен айналысамын деп шешті, осыған байланысты 2018 жылдың 1-тоқсанында ЖК 
ретінде тіркелді. Салық органына хабарлама берген кезде таңдалған салық салу 
режимін ОД бойынша деп көрсетті. Жалдамалы жұмыскерлер жоқ. 
ЖК үшін МЗЖ мен ӘА-ны есептеу объектісі алынатын кіріс болып табылады, ЖК 
бұл кірісті өз пайдасына МЗЖ мен әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін дербес 
айқындайды. 
Жарты жылдық қорытындысы бойынша ЖК Исаев 7 000 000 теңге мөлшерінде 
кіріс алды:
• қаңтарда – 1 100 000 теңге;
• ақпанда – 1 400 000 теңге;
• наурызда – 1 000 000 теңге;


184
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
• сәуірде – 1500 000 теңге;
• мамырда – 1 000 000 теңге;
• маусымда – 1 100 000 теңге.
ЖК-ның өзіне салық есептеу (жұмыскерлерді есептемегенде):
- есептелген салық сомасы: 7 000 000 × 3% = 210 000 теңге;
- бюджетке төленуге жататын ЖТС сомасы: 210 000 × 0,5 = 105 000 теңге;
- есептелген әлеуметтік салық сомасы: 105 000 теңге;
МЗЖ-ны есептеу:
ЖК Исаев МЗЖ-ны есептеу үшін өзі алатын кірісті әр айға 50 000 теңге мөл-
шерінде белгіледі, сондықтан, бір айға МЗЖ 50 000 × 10% = 5 000 теңгені, бір 
жарты жылдыққа 5 000 × 6 = 30 000 теңгені құрайды.
Әлеуметтік аударымдар (ӘА) мөлшері I жартыжылдыққа 50 000 × 3,5% = 1750 
× 6 = 10 500 теңгені құрады.
ӘС сомасы 105 000 – 10 500 = 94 500 теңгеге тең.
I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖК Исаев тіркеу есебіне қойылған 
жері бойынша салық органына 15 тамыздан кешіктірмей 910.00 нысаны бойынша 
декларацияны ұсынуға және 25 тамыздан кешіктірмей барлық салықтарды, атап 
айтқанда 105 000 теңге сомасында ЖТС, 94 500 теңге сомасында әлеуметтік са-
лықты, 30 000 теңге сомасында МЗЖ, 10 500 теңге сомасында ӘА-ны төлеуге мін-
детті.
910.00 нысанында ЖК-ның өзіне де, жалдамалы жұмыскерлер болған кезде 
оларға да ЖТС пен ӘС, ӘА мен МЗЖ төлемдері көрсетіледі. 
Мысалы, ЖК Исаевта 1 жалдамалы қызметкер бар. Бір айда жұмыскердің кірісі 
– 50 000 теңге.
ЖК-нің өзіне және жалдамалы жұмыскерге салықтарды есептеу:
есептелген салық сомасы: 7 000 000 × 3% = 210 000 теңге;
бюджетке төленуге жататын ЖТС сомасы: 210 000 × 0,5 = 105 000 теңге;
есептелген әлеуметтік салық сомасы: 105 000 теңге;
ЖК-ның өзіне және жалдамалы жұмыскерге МЗЖ-ны есептеу.
ЖК Исаев МЗЖ-ны есептеу үшін әр айға өзі алатын кірісті 50 000 теңге және 
жұмыскер үшін 50 000 теңге мөлшерінде белгіледі.
Сондықтан ЖК-ның өзі мен жалдамалы жұмыскер үшін бір айға МЗЖ 100 000 
× 10% = 10 000 теңгені, бір жартыжылдыққа 10 000 × 6 = 60 000 теңгені құрайды.
ЖК-ның өзіне және жалдамалы жұмыскерге әлеуметтік аударымдар (ӘА) мөл-
шері бір жартыжылдыққа 100 000 × 3,5% = 3500 × 6 = 21000 теңгені құрады.
ӘС сомасы 105 000 – 21 000 = 84 000 теңгеге тең.
Жұмыскерлердің кірісінен ұсталынатын ЖТС мөлшері 50 000 теңге – 5 000 
(МЗЖ) – 28284 (1 ЕТЖМ) = 16716 × 10% = 1 672 теңге құрайды.
Жалдамалы жұмыскер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 
(МӘМС) мөлшері 50 000 теңге × 1,5% = 750 теңгені құрайды.
I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖК Исаев өзіне және жұмыскер 
үшін 105 000 теңге сомасында ЖТС, 84 000 теңге сомасында әлеуметтік салықты, 
60 000 теңге сомасында МЗЖ, 21 000 теңге сомасында ӘА, жұмыскердің кірісінен 
ұсталынатын 1 672 теңге сомасында ЖТС, 750 теңге сомасында МӘМС төлеуге мін-
детті.


185
910.00 нысанында ЖК-ның өзіне және жалдамалы жұмыскерге ЖТС пен ӘС, ӘА, 
МЗЖ мен МӘМС төлемдері көрсетіледі. 
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МЗЖ, ӘА мен МӘМС төлемін ЖК ай сайын айдың 25-інен 
кешіктірмей төленеді. 
Бұдан басқа, Исаев ЖК қызметтерді қолма қол ақшамен де, қолма қол ақша-
сыз да көрсететін болғандықтан, фискальды жады бар бақылау-касалық аппаратты 
қолдануы, әрі қолданылатын орны бойынша салық органында тіркеуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет