Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет62/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Көшбасшы (ағылш «leader» – жүргізуші, бірінші, алдыға жүруші) – 
команданың немесе топтың беделді, белсенді мүшесі, ол топтық мақсатқа 
жетуді анықтап, ұйымдастыратын, өзі алдыда жүретін жəне басқаларды 
артына ерте білетін адам. Көшбасшылықтың ресми жəне ресми емес түрлері 
бар. Ресми көшбасшы əдетте белгіленген тəртіппен тағайындалады немесе 


89
сайланады, сол арқылы көшбасшының ресми мəртебесін алады. Бейресми 
көшбасшы- жеке қасиеттерінің арқасында көтерілген, топтық құндылықтарға 
жəне нормаларға толығымен жауап беретін топтың мүшесі [30, 113]. Қазіргі 
ұйымдарда көшбасшы басымдылық рөл атқарады. Жоғары білікті мамандар 
болса да жақсы көшбасшысыз ұйым тиімді жұмыс істей алмайды. Көшбасшы 
бір команда құрып, жұмысын тиімдірек ету үшін мамандарды біріктіреді жəне 
олардың қызметін бақылайды. Қазіргі заманғы көшбасшы ұйымның назарында 
болып, қызметкерлерді ортақ мақсатқа жетуге ынталандыруы керек. 
Көшбасшылық - тиімді басшылықтың маңызды компоненті, басқарудың 
əртүрлі көздерін неғұрлым тиімді үйлестіруге негізделген жəне ортақ 
мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдарды ынталандыруға бағытталған 
басқарудың ерекше түрі. Ол адамдардың тұрақты бірлестігі бар жерде 
кездеседі. Көшбасшылық басшылықтан ерекшеленеді, ол үстемдік 
бағыныштылығының қатаң жəне ресми түрде қалыптасқан қарым-қатынас 
жүйесін көздейді. Ұйымдастырудың даму стратегиясы мен көшбасшылықтың 
тиімділігі көшбасшының объективті жəне субъективті мүмкіндіктері, 
біріншіден, коалицияларды басқаруға қабілеттілігі, екіншіден, өзара іс-қимыл 
ұйымның тиімді жұмыс істеуінің маңызды факторы болып табылатын 
ұйымдармен ынтымақтастық пен серіктестік қатынастарды құру жəне нығайту 
болып табылады [31,169]. Ұйымның табысты болуы үшін көшбасшы 
ұйымдағы көшбасшылықты дамытуға көп уақыт жұмсау керек, өйткені 
ұйымның жетістігі «көшбасшылық əлеуетке» байланысты. Жаңартылған білім 
беру мазмұнындағы 7 модулде анықталғандай «оқытудағы басқару жəне 
көшбасшылық» модулі педагогтардан көшбасшы болуды талап етумен қатар 
білім алушыларды көшбасшылыққа бағыттап, даярлауды қарастырады. Жалпы 
педагогикалық жүйеде басқарушы менеджердің көшбасшылық сапалары 
педагогикалық міндеттерді атқаруда педагогикалық ұжым мүшелеріне үлгі, 
бағдар. Ендеше қазіргі білім беру мекемесінің басшысы «өзі үлгі бола алатын 
көшбасшы ғана артынан басқаларды сенімді түрде ерте алады» деген қағидаға 
негіздеп өз стилін қалыптастыруы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет