1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет12/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
қазіргі уақыт биігі мен идеологиясы тұрғысынан қарау дұрыс емес. Сол 
себепті де ҽр дҽуір ескерткішін ҿзін тудырған қоғамдық-ҽлеуметтік 
құрылыспен, жағдаймен байланыстыра зерттегенде ғана оның сан-салалы 
сипаттары, ішкі ерекшеліктері ашылатыны ескерілмеді. «Рабғузи қиссалары» 
тҽрізді кҿне жҽдігерге ғана емес, кеңестік кезеңде халықтық кҿркем 
туындыларға, тарихи ҽдебиет пен ұлттық ҿнердің, рухани мҽдениеттің ҿзге 
салаларына, тіл мҽселесіне үлкен қатер туғызғаны акад. С.Қирабаевтың 
«Ҽдебиет пен ҿнер – ұлттық идеологияның маңызды саласы» мақаласында 
жан-жақты талданып кҿрсетіледі. Коммунистік идеология ерте замандарда 
жасалған халықтық кҿркем туындылардың ҿзін партиялық, таптық тұрғыдан 
түсіндіруге тырысқанын, соның нҽтижесінде ұлттық ҽдеби мұрамыздың кҿп 
бҿлігі ескішіл, феодалдық, кертартпа, ұлтшылдық идеологияны жақтайды 
деген айыппен қолданыстан шығып қалғанын, сҿйтіп саясаттан тыс жасалған 
халық ҽдебиеті үлгілерінің ҿзі саясатқа бұра талданғанын айтады. Мұның 
нҽтижесі белгілі. Халық қаһармандары таптық тұрғыдан қарастырылып, 
кҿптеген эпостың басты кейіпкерлерінің бірі бай баласы, бірі хан қызы деп 
шеттетілсе, тазша, жетім бала туралы ертегілер мен тегі кедей деп айтылатын 
Қамбар батырдан басқа қаһармандардан ауыз ҽдебиет айырылып қала 
жаздағаны ҽдебиет тарихынан мҽлім. Мұндай біржақты кҿзқарас ҽдебиеттің 
ҿзге салаларын бағалауда да ҿріс алды. 
Сондықтан да ҽдеби мұраға тек бір ғана кҿзқарас, пайым-талдаумен келу 
қажеттілігін ұстанған кеңестік ғылымда кҿп уақыт бойы «Рабғузи қиссалары» 
тҽрізді мұралардың шеттетілуі, ескішілдік деп танылуы қалыпты жағдай 
болатын. Осындай кездің ҿзінде ғалымның орта ғасырлық мұраға ҿзіндік тың 
кҿзқараспен баруы батылдық, орныққан ғылыми принцип кҿрінісі еді дейміз. 
А.Қыраубаеваның мұндай принципті ұстануына, ең алдымен, ұстазы 
Б.Кенжебаевтың тікелей ҽсері болды десек, арғы-бергі белгілі шығыстанушы 
ғалымдардың ғылыми тұжырымдары да оның ойын бекіте түскен. Мҽселен, 
белгілі 
ҽдебиеттанушы 
Н.М.Маллаевтың 
«Рабғузи 
қиссаларының» 
тематикасы, идеялық бағыты негізінен діни сипатта болғанмен, жазушының 
жеке дүниауи ҽңгімелері мен ҿлеңдері кҿркем ҽдебиеттің дамуына игі ықпал 
етті. Рабғузидың шығармашылық қызметінде діни-мистикалық аңыз бен 
дүниауи ҿмір шындығы қатар беріле отырып, осы екі кҿзқарас ҿзара белгілі 
дҽрежеде күресіп жатқаны байқалады деп келетін мҽнді пікірі А. Қыраубаева 
зерттеуінің методологиялық негізі болды [1, 27-б.].
«Уақыт бедері» атты зерттеуінде А.Қыраубаева 1924 жылы Бакуде 
шыққан В.В.Бартольдтің «Место прикаспийских областей в историй 
мусульманского мира» еңбегін, 1925 жылы баспа бетін кҿрген 
А.К.Дживгеловтің «Начало Итальянского Возрождения», 1932 жылы 
Ленинградта шыққан А.Ю.Якубовскийдің «Феодализм на Востоке. - Столица 
Золотой Орды Сарай Берке» тҽрізді кҿптеген кҿне кітаптарды негізге алады. 
Алтын Орда дҽуірінің тарихи-ғылыми сипаттамасын нақтылауға мҽн берген 
А.Қыраубаева сол кезеңнің ҽдеби мұрасы Рабғузи қиссаларына жан-жақты


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет