АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 ағылшын халқы да қазақ халқы тҽрізді мал ҿсірген халық болғандықтан,
оларға сиыр, бұзау ұғымдары жақсы таныс. Қазақ мақалдарындағы дҽл осы
ой ат, түйе атаулары арқылы бейнелі түрде келтірілген.
Мал ҿсіру – қазақтың негізгі кҽсібі, тіршілік кҿзі болғаны, ірі қаралардың
ішінде жылқы, сиыр малымен қатар түйе ҿсіргені, түйені тҿрт түліктің тҿресі
санағаны, жылқы мен түйені азық ретінде де, кҿлік ретінде де пайдаланғаны,
түйе жүнінен ҽртүрлі бұйымдар тоқығаны жалпы жұртшылыққа аян.
«Жүндеу» сҿзінің түсіндірме сҿздікте берілген бастапқы мағынасы – малдың
жүнін сыпырып алу, жүнін жұлу, жалғаса туындаған ауыспалы мағынасы –
түту, тепкілеу. «Аттың жуасын ұры мініп қашады» деген мақалдың шығу
тҿркінін ерте заманнан мал ұрлау, барымта қайтару сияқты келеңсіз
оқиғалармен ұштастырамыз. «Тастаған таяқ сорлыға тиеді» демекші, ұрының
қолына бірінші жуас ат түсетіні белгілі. Мақал жуас, ынжық болудан
сақтандырады. Ағылшын, қазақ мақалдарындағы ой түйіні сол халықтардың
түсінігіне, тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, ҽдет-ғұрпына, дүниетанымына сай
мысалдармен беріліп тұр. In the country of the blind, the one-eyed man is a king
/c.c.a.: соқырлардың елінде, жалғыз кҿзді кісі – король. In the country of the
blind, the one-eyed man is a king мақалы Эрасмустың (Erasmus) Adagia (1536)
шығармасынан бастау алады [1, 22-б.]. Ағылшын елін король
басқарғандықтан бұл ұғым олардың дүниетанымына таныс.
Жоғарыдағы ағылшын мақалына ұқсас мақал қазақта да бар. Мысалы:
«Ит жоқта шошқа үреді», т.б. Қазақтың «Ит жоқта шошқа үреді» деу себебі
ит қазаққа малды ұры-қары, ит-құстан сақтау үшін таптырмас. Қазақ үшін
жеті қазына – жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан,
алмас кездік, шаңырақ екенін ескерсек, ит – осы жеті қазынаның бірі, шошқа
мұсылман діні бойынша еті һарам жануар. Қазақ шошқа ҿсірмек түгілі, оның
атын да атамай «доңыз», «ақ құлақ», т.б. деп ҿзгертіп қолданатын. Мақал
тыңдаушысына «жақсы жоқ жерде, нашар да жақсы қызмет табады» деген
ойды меңзеп тұр.