АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 аралдарында аққу корольдің қорғауына алынған. Бұл жҿнінде ел арасында
мынадай ҽңгіме бар. Кҿптеген жылдар бұрын ағылшын королі ұзақ сапардан
еліне қайтып келе жатып, ұзақ жолдан шаршаған серілерін тынықтырып алу
мақсатында Кипр аралына зҽкір тастауды бұйырыпты. Серілер демалып
жатқанда, король Кипрдің сұлу ханшасын кҿріп, оған бір кҿргеннен ғашық
болып қалады. Кипрдің ел билеушісі ҽсем ханшаның қолын сұраған
британдықтың айтқанына кҿнбесе, оның қалауын орындамаса бүкіл аралды
толығымен жаулап алуы мүмкін екендігінен сескеніп, олардың некелерін
қимақшы болады. Бірақ ханша бұрын-соңды кҿрмеген бейтаныс ел, Англияға
барудан бас тартады. Ағылшын королі ханшаға: «Мен сені түске дейін
күтемін», – деп кемесіне кетеді. Ертеңіне кеменің жанына қайық келіп
тоқтап, кемеге шаңқай түсті аппақ екі аққуды алып келеді. «Егер мені
ұнатсаң, осы аралда қал, біз осы екі аққу тҽрізді бақытты ҿмір кешеміз. Егер
кетуге бел бусаң, екеуміздің махаббатымыздың естелігі ретінде ҿзіңмен бірге
осы екі аққуды ала кет», – деп ханша корольге сҽлем айтқан екен. Қызды
қаншалықты ұнатқанына қарамастан, король кемесінің зҽкірін кҿтеріп, ҿз
патшалығына қарай жол тартады. Сол заманнан бері аққулар патшаның
қорғауына алыныпты деседі.
Ҽр жыл сайын Англияда шілде айында «свон аппинг» аққуларға таңба
салу шарасы ҿткізіледі. Аққуларды таңбалауға Дайерс (бояушылар) жҽне
Витнерс (шарап саудасымен айналысушылар) цехтары жауапты, себебі
бірнеше ғасыр бұрын осы жауапкершілікті жүктеген корольдің ҿзі еді [2, 128-
б.].
The voice of one man is the voice of no one /c.c.a.: Жалғыздың үні
шықпас.
One man no man /c.c.a.: Бір адам – жоқ адам]; One is no number /c.c.a.: Бір
сан емес]; One flower makes no garland /c.c.a.: Бір гүл бақ болмайды.
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кісі қорған болмас.
Жалғыз батыр жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.
Жалғыз қаздың үні шықпас,
Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
If you agree to carry the calf they will make you carry the cow (c.c.a.: Бұзау
жетелеуге келіссең, сиыр жетелетер) деген ағылшын мақалына қазақ
тілінің тҿмендегі бірнеше балама тіркестері сҽйкес келеді. Олар: Жуас
түйе жүндеуге жақсы; Адамның жуасын аяққа басады, Аттың жуасын ұры
мініп қашады; Жұмсақ ағаш құртқа жем, Жұмсақ адам жұртқа жем.
Ағылшын мақалы «Бұзау жетелеуге келіссең, сиыр жетелетер», – дейді.
Екі халық мақалы да момын болсаң, жұрт басынады деген ойды жеткізеді.
Ағылшын мақалындағы айтылар ойдың бұзау, сиыр арқылы берілуінің сыры