Нуржігіт Алтынбеков
қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады,0,02 промильден
жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық
болуы мүмкін.
физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде
байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан
кейін (кортикостероидтар).
патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда,Иценко-Кушинг
синдромында, гемохроматозда байқалады.
ГЛЮКОЗУРИЯЛЫҚ ҚИЫҚТЫ АНЫҚТАУ
Мақсаты: қант диабетін анықтау.
Әзірле: сиымдылығы 0,5-1л және 200 мл таза шыны банка, клиникалық зертханаға жолдама.
Іс-әрекет алгоритмі.
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
2. Науқасқа қалыпты су мөлшерін сақтауды, өзіне физикалық күш түсірмеуін және
диуретиктерді қабылдамауын ескертіңіз.
3. Науқасқа зәр жинау ыдыстарын дайындауды үйретіңіз;
- сиымдылығы 500 мл, зәр жинау уақыты көрсетілген (08:00-14:00,14:00-22:00,22:00-08:00), 3
қақпағы бар таза шыны банканы;
- сиымдылығы 200мл, зәрді клиникалық зертханаға жеткізуге арналған, қақпағы бар, 3 таза
шыны банканы дайындаңыз.
4. Сағат 08.00-де зәрді зерттеуге жинайтын күні науқас қуығын босатады(бұл зәр зерттеуге
алынбайды);
- 08.00-ден 14.00-ге дейін науқас қуығын бірінші ыдысқа босатады;
-14.05-тен 22.00-ге дейін –екіншісіне;
-22.05-тен 08.00-ге дейін-үшіншісіне;
3. Әр ыдыстағы зәр көлемін өлшеп,нәтижесін жолдама бланкасына жазыңыз.
4. Әрбір үлкен ыдыстағы зәрді араластырып,әрқайсысынан кіші ыдысқа 200мл зәрді бөліп
құйыңыз (стационар жағдайында зәр зертханаға үлкен ыдыстармен де жеткізіле береді).
5. Зертханаға ыдыстарды қақпағымен тығыз жабылған күйінде жолдамамен бірге жеткізіңіз.
Ескерту:
Зәр көлемін анықтауға,оны араластыруға,басқа ыдысқа құюға байланысты манипуляцияларды
инфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындау керек. Пайдаланған бос ыдыстар
және таяқшалар дезинфекциялануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: