Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет28/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
КК Диф зачёт

Нуржігіт Алтынбеков 
6.Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс 
мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз). 
7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр 
шығаруды ұстап тұруы қажет. 
8.100-200 мл зәрді контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз. 
9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз 
10.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз. 
11.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз. 
Ескерту: 
- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады; 
- зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды. 
ДИАСТАЗАҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ 
Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін). 
Қолдану көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары. 
Әзірле:сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған 
контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы). 
Іс әрекет алгоритмі: 
1. Науқасқа алда болатын манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын 
алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз. 
2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл контейнерге жинаңыз. 
3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде биохимиялық зертханаға апарыңыз. 
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының 
көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. 
Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды. 
ҚАНТТЫ АНЫҚТАУҒА ЗӘРДІ ЖИНАУ 
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау. 
Қолдану көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу. 
Әзірле: сыйымдылығы 3лжәне 200 мл таза, құрғақ, мөлшерленген шыны банкілерді, шыны 
таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу 
мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, медбикенің 
қолы), қолғапты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет