Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#57486
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
пед менеджмент

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Сабақта табиғи объектілер көрсетілуде. География мұғалімі 
«Құрылыс материалы» тақырыбы бойынша сабақ жүргізуде. Зер-
делеу объектілері: гранит, əктас, мəрмəр, цемент, туф, ағаш жəне 
басқалары. Мұғалім маңындағы үстелде осы материалдардың үлгілері 
орналастырылған. Мұғалім тиісінше түсініктеме беріп, жұқа тақтайда 
орналасқан объектілерді оқушыларға көрсетуде. Оқушылар қызыға 
қарауда. «Ең əдемісі - мəрмəр», «Туф-пуф — қарапайым ғана сұрып», 
«Цемент! Бір шетін сындырып алшы, сынбайды» – деген кейбір 
көтеріңкі дауыстар шығуда....
Оқытушы өзі үстеліне қайтты. Материалды көрсетуге 4 минут 
жұмсалды. Мұғалім табиғи құрылыс байлықтарын пайдалану тура-
лы əңгіме жүргізуде. Бұдан соң, оқушыларды құрылыс үшін қажетті 
материалдардың біздің еліміздегі сарқылмас қорлары туралы əңгімеге 
тартады. Сабақ маңызды жəне қызықты өтеді. Бірақ келесі сабақта 
оқушылар кейбір құрылыс материалдардың сиаттамасын бере алмай-
ды. Біз олардың «əдемі мəрмəр», «мықты цемент», «екінші сұрыпты 
туф-пуф»...ілікпе сөздерін еске алдық. Оқушылармен экспонаттарды 
бір көзбен қарап шыққанда құрастырылған осы сипаттамалар құрылыс 
ісіндегі кейбір материалдардың жарамдылығы мен пайдалығы жөнінде 
пайымдау үшін жеткілікті негіздемелер бере ме?
Тексеру сауалнамасы көрсеткендей, зерделеу объектілерін көрсету 
арқылы қызу да қызықты сабақ маңызды нəтижелерге əкелмегендей 
болды. Кейбір құрылыс материалдары туралы түсініктер көмескі жəне 
жартылай дұрыс болмады. Сəтсіздіктің себебі анық болды...
Лемберг Р. Г. Дидактические очерки. 
Алматы: Мектеп, 1964. – б.85.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Педагогтің білім үдерісін басқаруға қатысы Н. В. Кузьминамен 
ұсынылған педагогикалық қызметтің функционалдық элементтерін 
сипаттаңыз.
2. Осы функциялар білім сапасын қамтамасыз етуде қандай рөл 
атқарады?
3. А. К.Маркованың педагог құзыреттілігінің жіктеуін қарасты-
рыңыз. Оның ұстанымын Н. В. Кузьминаның жіктеуімен салыс-
тырыңыз.
4. ҚР-ның 2011–2020 жылдарға арналған білімді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасында мұғалім функциялары қалай 
қарастырылатыны жөнінде хабарлама жасаңыз.


165
5. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫНДА белгілі қазақстандық ғалым 
Р.Г. Лембергтің кітабынан дəйексөз келтірілген. Сабақты жүргізудегі 
сəтсіздік себептері жайлы оның ойларын жалғастырыңыз, педагогтың 
оқушылардың танымдық қызметімен басқару бойынша қай əрекеттері 
дұрыс орындалмағанын немесе мүлдем орындалмағанын көрсетіңіз.
Мұғалім өзінің негізгі басқару функцияларын сабақтағы 
оқушылардың танымдық қызметі жемісті болу үшін қалай жүргізу 
керектігін көрсетіңіз.
6. 10-суретте 5 ұпайлық шкала бойынша мектеп мұғалімдерінің 
педагогикалық қызметін құраушылардың дамуын бағалауды көрсететін 
диаграмма ұсынылған (Н. В. Кузьминаның жіктеуіне сəйкес). 
Осы диаграмма бойынша мұғалімдерде қандай құрауыштар ең көп 
жəне ең аз дəрежеде дамыған?
Осы құрауыштардың даму дəрежесі мұғалімдермен оқу-
тəрбие үдерісімен басқаруға қалай əсер етеді? Білім сапасына жəне 
оқушылардың дамуына қалай əсер етеді?
7. Мектептегі сабаққа (колледждегі/ЖОО-ғы дəріске) қатысыңыз. 
Педагогпен менеджменттің негізгі жəне қосалқы функциялары қалай 
жүргізілетінін талдаңыз. 
Педагогтің басқарушы қызметінде өнімді жəне өнімсіз əдістер мен 
тəсілдерді анықтаңыз.
8. Сіз қазіргі таңда басқарудың нақты функцияларымен байланыс-
ты қандай əдістер мен тəсілдерді игергеніңізді көрсетіңіз.
Білім беру үдерісімен басқару саласында өзініздің кəсіби 
құзыреттіліктеріңізді өз бетімен жетілдіру бойынша ұсынымдарын 
əзірлеңіз.
10-сурет. Педагогикалық қызметтің құрауыштарының даму деңгейлері 
гностикалық
коммуникативтік
ұйымдастырушылық
конструктивтік
жобалау
Қатар 1


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет