Лекция Лекцияның тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата15.12.2022
өлшемі401,28 Kb.
#57584
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1-лекция ҚӘК



№1-лекция
 
Лекцияның тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Білімгерлерге әдебиеттану ғылымы және оның 
салалары жайлы мағлұмат беру беру.
Лекцияның мазмұны:  
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиет туралы ғылым, негізінен
мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және
әдебиет сыны, сондай-ақ қосалқы үш саласы: текстология, библиография, историография 
бар. 
Әдебиеттану - қоғамдық ғылымдар ішіндегі өзіне тән өзгешелігі орасан мол, қиын 
әрі күрделі ғылым. 
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби
шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды.
Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметің көркем шығарманы 
талдаудың ұстанымдары мен әдістемесін, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең 
жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін қарастырады. 
Әдебиет тарихы, жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының 
тарихында көркем әдебиеттің калай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай 
жолдармен дамығанын зерттейді. 
Кай халықтың болсын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің 
өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. 
Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, 
сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы.
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене 
араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын 
белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, 
жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, 
оның творчестволық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды
оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулыйды. Бұл 
ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ - ара дәнекер десе де болады. 
Жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға тигізер сынның ықпалы оның 
оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына 
тығыз байланысты. 
Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем 
шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны
да сондықтан. 
Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, 
критерийлері бар. Мұны білу, игеру де оңай емес. Біреулер көркемдік критерий дегенді 
әдеби шығарманың кемшілігін ғана қазбалау деп ойлайды. Бұл - қате ұғым. Көркемдік 
критерий, ең алдымен, әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу. Сынның ең қиын
міндетінің өзі - осы. Кез келген шығармада болатын үлкенді-кішілі кемшілікті табу 
бәрінен оңай. Ал шығарма несімен жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық 
сұлулығы мен сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа жанама 
тараулары да бар. Олар - текстология, историография және библиография. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет