мағынасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен-тек деуге болмайды.
Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана
жасалады. Демек, әдебиеттің таным-тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз
өнерінің эстетикалық маңызына екі өнер туындысының көркемдік құнына келіп
тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым арқылы да тануға, ал тәрбиенің ең үлкені оқу – білімде
жатқаны тағы даусыз. Ал ол әрине әдебиетке барып тіреледі.
Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Әдебиеттің
халықтығы – тарихи категория. Прогресшіл адамзаттың жалпы көркемдік даму
тарихының әр кезеңінде бұл ұғым әр сипатта әдебиеттің халықтығы туралы түсінік қып
қалыптастырған Б.Т.Белинский болды. Халықтық дегенді ол альфа мен омега деп ұқты,
нағыз көркем творчество бұдан ешқашан орай алмайды. Оның пікірінше, әдебиеттің өзі,
бәрінен бұрын, «халықтың санасы», «халықтық рухы». Халықтың - әдеби шығарманың
терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір
тақырыбы арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін
баратын қаһарманның мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келіп, автордың тілі
мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: