Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет101/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   316
Байланысты:
mm

Жаймалап өңдеу әдісі бос дайындаманың ішіне сәйкес 
қалыптағы жақтауды енгізіп, содан соң дайындаманы тез 
дірілдетуші пішінді жұдырықшалардың көмегімен қысудан тұрады. 
Білдек айналмалы бастан тұрады, онда радиал бағытта 
қозғалатын төрт суппорт орналастырылған. Суппорттар бастиек 
айналып тұрған кезде аунақшалармен сырғитын қисық беттермен 
қамтамасыз етіледі, осылайша қайтымды-ілгерілемелі радиал 
қозғалыс пайда болады. Бастиек 200 мин
-1
жиілігімен айналады. 
Бастиектен шығатын қысушы күш 2 МН (200 тс) құрайды; 
дайындамаларды қысудың жалпы саны минутына 1 500. Тегістеу 
алдында дайындаманы (шыбықша) сыртқы беткі жағындағы 
ұштары бойынша үшкірлейді.
Беткі бөліктерді тегіс аунақшалармен өңдеудің мәні-
айналмалы аунақшалар қысымның астында өңделетін беткі бөлікке 
басылып, кедір-бұдырларды мыжып, мығымдап бекітілген қабаттар 
жасауға негізделген, бұл өңделетін беттің пайдалану қасиеттерін 
арттыруға мүмкіндік туғызады. Беткі бөліктерді аунақшалармен 
өңдеудің схемалары әр түрлі болуы мүмкін. Қандай да бір схеманы 
таңдау-өңделетін дайындама бетінің пішініне, қаттылығына және 
өңдеудің технологиялық мақсатына байланысты болады. 
Сыртқы цилиндрлік беттерді аунақшалармен тегістегенде, 
олардың диаметрі азаяды, ал саңылауларды жаймалағанда-үлкейеді. 
Қатты бөлшектердің беттерін бір жақты аунақшаны муфталармен 
(бір аунақшаны), ал аса қатты еместерін-әрекет етуші қысым 
күштерін теңестіретін, көп аунақшаны құрылғылармен өңдейді.
Аунақшаларды, әдетте, әмбебап білдектерде өңдейді. Мәселен, 
сыртқы цилиндрлік беттерді тегістеуді жонғыш, айналып тұратын 
және айналдырғы білдектерде жүргізсе, ал жаймалауды бұрғылау 
және көлденең бұрғылау қондырғыларында жасайды. Тегіс беттерді 
көлденең сүргілеу білдектерінді тегістейді.
134 


Өңделетін беттің берілген дәлдігі мен кедір-бұдырын алудың 
басты шарты - аунақшаға тиісті қысым жасау және оны жасау үшін 
материалдың қаттылығы жоғары, тозуға қарсы төзімділігін 
пайдалану болып табылады. Осылайша, аунақшаның жұмыс 
бөлігінің ені 3 мм және аунақшаның диаметрі 100 мм-ден аспайтын, 
роликтегі қысым күші 50-ден 200-ге дейін өңделетін материалға 
байланысты өзгеріп отырады. Жылжымалы бетінің бұдырлығы Ra 
1.25...0.32 мкм және өңдеу дәлдігі 6-шы және 8-ші квалитетті 
құрайды.
Аунақшаларға арналған материал ретінде, 58...65 HRC 
қаттылығына дейін шыңдалған көміртекті болаттарды және ХВГ, 
5ХНЭД және басқа да қоспалаған болаттарды қолдану ұсынылады. 
Аунақша, әдетте, білдектің кескіш ұстағышына немесе білдек 
айналдырғысының жақтауына бекітіледі де, айналдырылады. 
Аунақша мен өңделетін материалдың арасында туындайтын үйкеліс 
күшінің әсерінен, дайындау материалының беті қажетті сапаға 
дейін тегістеледі. Аунақшалардың конструктивті түрлерін таңдау 
технологиялық мақсаттарға және өңделетін беттің ерекшеліктеріне 
байланысты 
орындалады. 
Осылайша 
цилиндрлік 
белбеулі 
аунақшаларды ұзындық бойымен еркін шығатын дайындамаларды 
тегістеу үшін, ал жабық радиусты аунақшаларды цилиндрлік және 
қапталды беттерді тегістеу үшін қолданады.
Алдын ала орнатылған қысымның сақталуын қамтамасыз ету 
үшін тегістеу процесі арнайы сорғымен немесе гидравликалық 
құрылғылармен басқарылады. Аунақшамен тегістеуге арналған 
негізгі технологиялық уақыт үшкірлеу кезіндегі уақытпен бірдей 
анықталады. Беріліс 0,1...0,2 мм/айн. шегінде таңдалады. 
Табақ металдан жасалған қуыс бөлшектерді-дөңесті-ойысты 
конфигурациялы айналу денелерін, цилиндрлік дайындамалардағы 
жіңішке мойындарды және басқа да ұқсас бөліктерді дайындау 
кезінде, сығып шығару әдісі қолданылады, себебі олар үшін арнайы 
тартқыш мөрлерді әзірлеу экономикалық тұрғыдан жөнсіз болады.
Бұл әдіс дайындаманың айналмалы қозғалысы үшін және кейбір 
жағдайларда өзгеру құралы үшін әдеттегі (бейімделген) білдектерде 
және өңдеудің осы түріне арналған білдектерде қолданылады. 
1.91-суретінде басында шаригі бар, қарапайым сыққышпен 
сығып шығару әдісі көрсетілген. 
Сығу білдектерінде сыққанда, дайындама металы жұқарып, 
пресстерде созу кезіндегіге қарағанда, қаттырақ қақталады, 
сондықтан бірнеше операциялардан кейін ғана сығылып шығатын 
бөлшектерді әдетте аралық жұмсартуға жібереді. 
135 


1.91 сур. Жұмыр бас қалпақшадан сыққыш 
арқылы қысып шығару схемасы: 
1 - патрон; 2 - дайындама; 3 - жұмыр бас 
қалпақша; 
4 - сыққыштың тұтқасы 
__________________________________________________________ 
Сығылатын бөлшектердің бетінде көбіне сыққыштың ізі қалып 
қояды, және ол беткі бөлік бұдырлығының 6-шы класына сәйкес 
келеді. Одан да жоғары класс нәтижесіне қол жеткізу үшін, 
өңделген беткі бөліктің үстімен сыққыш-шаберді жүргізеді, ол 
қалыңдығы 0,05...1 мм жіңішке жоңқаны шешіп өтеді.
Бөлшектерді сығудың дәлдігі әдетте олардың диаметрінің 
0,001...0,002 аралығында болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет