Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет102/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   316
Байланысты:
mm

Бұдырларды бүрлемдеу үшін цилиндр бөлшектерінің беттерінде 
жалпақ табақшалар (бұранды бүрлеу білдектерінде) немесе 
айналмалы цилиндр аунақшалары (жонғыш және айналып тұратын 
білдектерде) қолданылады. 
Тегіс беттерді еркін айналатын аунақшалармен жабдықталған 
көлденең сүргілеу, қашағыш және көлденең кескіш білдектерде 
бүрлемдейді.
Бұдырларды бүрлемдеу түрлері түзу, бұрыштық және торлы 
болуы мүмкін. Бүрлемдеу құралының құрылымын таңдау беттің 
технологиялық мақсаты мен берілген пішініне байланысты болады. 
Түзу және бұрыштық бүрлемдеу әдетте бір, ал торлы-бір мезгілде 
екі роликпен айналдыра отырып, бұрышқа қарсы бүрлемдеу арқылы 
орындалады.
1.92-суретінде бүрлемдеу түрлері көрсетілген-түзу (1.92, а сур.), 
торлы (1.92, б сур.) және бұрыштық (1.92-сур.). бұдырларды 
бүрлемдеу барысында әдетте өңделетін беткі бөліктің диаметрі 
артады. Бүрлемдеудің қажетті тереңдігіне қол жеткізу үшін, 
бірнеше жұмыс қимылдары жасалады, олардың саны өңделетін 
материалдың қасиеттеріне, берілген қадамға және бұдырлықтың 
тереңдігіне байланысты болады.
136 


1.92-сур. Түзу (а), торлы (б) және бұрыштық (в) бүрлеу түрлері 
__________________________________________________________ 
Тісті доңғалақтарды өңдеу механизмдерінің өнімді әдістерінің 
бірі - суық күйде тістерді бүрлеу. Бұл өңдеу әдісі тісті 
доңғалақтарды кесудің әдеттегі әдістерімен салыстырғанда, 
өнімділікті 15-20 есе арттыруға мүмкіндік береді және 
микрогеометрия мен тозуға қарсы төзімділікке қатысты тіс 
беттерінің сапасын қамтамасыз етеді. 
Суық күйде бүрлеу арқылы тісті доңғалақтарды өңдеудің негізгі 
шарты-дайындама металының тиісті деңгейде икемді әрі созылғыш 
болуы. Бұл шартты белгілі бір маркалы қолалардан басқа, 
алюминий және мыс қорытпалары, сондай-ақ тиісті алдын-ала 
термиялық өңдеуден өткен тот баспайтын төзімді болаттан 
жасалған кейбір маркалар орындай алады. 
Тісті доңғалақтарды бүрлеу құралы ретінде екі жағынан метал 
орамдарын 
осьтік 
түрде 
жылжытатын 
және 
алауды 
қалыптастыратын 
кедергі 
фланецтермен 
(дискілермен) 
жабдықталған тісті кескіштер қолданылады. Тісті кескіштің басы 
аяғын қалыптастырады, ал тісті кескіштің аяғы-тісті доңғалақтың 
тісінің басын құрайды, бұл кескіштер тісінің элементтерінің 
өлшемдерін шарттайды: тіс басы 1,2 модульге тең, ал аяқты-
модульге тең етіп алады. 
Тісті бүрлеу барысында, металдың беткі қабаттары қатты 
қақталады, және ол айтарлықтай тереңдікке дейін таралады. Тісті 
кескіштердің тісбүрлеу құралының тозуын болдырмау үшін, 
сонымен қатар дайындаманың металл қабаттарының үстіңгі 
қабатындағы жүктеменің шамадан асып кетуіне жол бермеу үшін, 
бүрлеу операцияларының арасында дайындаманың аралық 
термиялық өңдеуін - қыздыра өңдеуді жасаған жөн.
Өндіріс технологиясында тісті доңғалақтарды бүрлеудің 
бірнеше схемасы пайдаланылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет