ЧПУ жону білдектерінде келесі технологиялық схема бойынша
дайындамалардың өңделуін жүзеге асырады:
■
центрлеу, егер бұрғылау диаметрі 20 мм кем болса;
■
бұрғылау;
■
шетжағын кесу;
■
негізгі үстіңгі беттерді қаралтым өңдеу;
■
қосымша үстіңгі беттерді қаралтым өңдеу;
■
қосымша беттерді таза өңдеу;
■
қаралтым өңдеуді қажет етпейтін қосымша үстіңгі беттерді таза
өңдеу;
■
негізгі үстіңгі беттерді таза өңдеу (центрлерде өңдеу кезінде
алғашқы үш өткелде алып тастау керек).
ЧПУ жону білдектерінде көп қырлы қатты балқымалы тілімді (үш
қырлы, ромбы, бес қырлы және табақшалы) механикалық бекітпесі бар
кескіштерді қолданады. Титан карбиді мен алюминий оксидінен қапталған
тілімдерді қолдану олардың беріктілігін бірнеше ретке арттырады. Бұл
білектерде қатты балқымадан (кесілген, бунақты және жоңғылы)
дәнекерленіп жасалған кескіштерді де қолданады. Қосалқы құрал кескіш
құралдың жылдам және дәл ауысуын, оның білдектен тыс өлшемін
баптауды және кесілетін кесектің күйір реттеуді қамтамасыз етеді.
Білік қылталарын ажарлау. Біліктің нақты дәлдігіне ықпал ететін
біршама жауапты операциялар біліктің негізгі базалаушы қылталарын
өңдеу операциялары болып табылады, сондай-ақ ондағы тетіктерде
орналасқан және біліктің күйін айқындайтын қылталарының шетжақтарын
өңдеу операциялары. Аталған үстіңгі беттердің дәлдігі центрлерде сияқты,
центрлеусіз ажарлауда қол жеткізіледі. Біліктер 3К12 үлгісінегі
дөңгелектер 25П-32П түйіршікті, СМ1-СМ2 қаттылығымен дөңгелектеп
ажарлау білдектерінің центрлерінде ажарлайды.
Біліктің диаметріне
D, оның ұзындығына
L және олардың өрнегіне
бавйланысты біліктерді бойлық беріліс, тереңдетіп ажарлау әдісімен және
ою әдісімен, яғни бойлық беріліс әдісімен ажарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: